Ақтауда «Жастар сыйлығы-2014» иегерлері марапатталды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 09:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Жастар сыйлығы-2014» иегерлері марапатталды

10 Декабря 2014 (05:36) | 4469 | Автор: Нурганым Имашева

 

Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында «Ақтау қалалық жастар саясаты орталығы» әртүрлі салада өздерінің еңбектегі жетістіктерімен, қоғамдық өмірдегі белсенділіктерімен көзге түскен жастарды арнайы марапаттау шарасын ұйымдастырды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткізілген салтанатты жиында 11 аталым бойынша «Жастар сыйлығы» табысталды.

 

«Жас дарын» номинациясы бойынша жүлдеге Айлазат Ғазибекова лайық деп танылса, «Жас спортшы»-атағын Захарова Сабина иеленді, «Жас дәрігер»-жүлдесі Қожақова Нұргүлге бұйырды, ал «Жас көшбасшы»-сыйлығын Сағынтаев Дәулет иеленді.

 

Бұдан өзге-«Жас мұнайшы»-жүлдесімен Абдиров Чингиз марапатталса, Бекмұхамедов Ринат-«Жас ерікті»-болып танылды, ал «Жас ақын» аталымында-Фархад Мусаев жеңіске жетсе, «Жас ғалым» атағы белсенділігімен көзге түсіп жүрген Уралбаев Мұқашқа берілді.

 

№11 мамандандырылған физика-математика пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Нагимулина Мөлдір «Жас мұғалім» жүлдесімен марапатталса, «Жас журналист» номинациясының жүлдегері болып «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының журналисі Әсел Ауданбаева танылды, ал «Жас мемлекеттік қызметкер» атағы Жеткізген Досанға берілді.

 

 

«Ақтау қалалық жастар саясаты орталығының» зерттеу және болжау бөлімінің маманы Әуес Қайрат Көмекұлы «Бұл «Жастар сыйлығы-2014» марапаттау шарасын ұйымдастырудағы мақсатымыз-кәсіби және қоғамдық жұмыста белсенділік танытып, өз еңбектерімен, шығармашылық белсенділігімен ғылым, өнер, спорт сияқты әртүрлі салада жетістіктерге жетіп жүрген жастарымыздың еңбегін бағалау, оларды өзге жастарға үлгі ету және жастар арасында мемлекеттік жастар саясатын, патриоттық тәрбие беруді жүзеге асыру. Сонымен қатар жастар саясаты мен азаматтық қоғам қалыптастыруда өзіндік үлес қосқан көшбасшылар мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерінің қоғам алдында беделін көтеру мен абыройын арттыру. Сондықтан ең үздіктерге «Жастар сыйлығы» табысталды.

 

Мұндай марапаттау шарасы «Ақтау қалалық жастар саясаты орталығымен» дәстүрлі түрде өткізіледі және алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады»,-деп мәлімдеді.

 

«Жастар сыйлығы-2014» марапатына үміткерлерді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Рахат Елтизаров басшылық еткен алты сарапшыдан тұратын комиссия анықтаған.

 

Жас өрендерді марапаттау рәсіміне Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы Молдағұлов Марат Николайұлы қатысып, жүлдегерлерге өз қолымен дипломдарды табыстады және жас буынға құттықтау сөздерін арнады: «Сіздердің әрқайсың өз салаларыңда білімді де білікті маман болуға тырысуларыңыз қажет, себебі ХХІ ғасырда-білікті де білімді азаматтар кез-келген мемлекеттің тірегі. Ал қазіргі кезде жетістікке жету үшін талпынған жастарға барлық мүмкіндіктер бар».

 

Жастарды марапаттау шарасында жалынды жерлестерін құттықтап, сахна төріне көтерілген эстрада жұлдызы Ақылбек Жеменейдің ән шырқауы залдағы көрермен қауымның көңіл-күйін бір көтеріп тастады.

 

Жас буынды қолдау шарасы туралы өз ойымен бөліскен «Жас журналист» номинациясының жүлдегері болып танылған «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының журналисі Әсел Ауданбаева:

 

- Бүгінгідей сайыстар-ең алдымен жастарға үлкен күш-жігер береді. Мұндай байқаулар біз үшін өте қажет. Әсіресе, біздің Ақтау-шағын қала, бізге осындай елін сүйетін жастардың қатарын көбейту қажет, бұл біздің тек әлеуметтік жағынан ғана емес, сонымен қатар экономикамыздың, инновациямыздың дамуына өзінің үлкен әсерін тигізері анық деп білемін. Бұл жүлделер жастардың алға ұмтылуына септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан осындай жастардың қатары көбейе берсін.

 

Бүгінгі жеңістерімен барлық жеңімпаздарды құттықтаймын. Өзімнің жүлдеме де ризамын. Осы сайысқа үміткер ретінде ұсынған телеарна басшылығына алғысымды білдіремін. Әрине, мен жаспын, небары екі жарым жыл ғана осы салада қызмет етіп келем. Алдағы уақытта да өңірдің журналистика саласының дамуына өз үлесімді қосамын деген сенімдемін,-деді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему