Жол апатынан екі отбасы қайғы жамылды
Курс валют в Актау
на 14/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
14 Мая, 14:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жол апатынан екі отбасы қайғы жамылды

7 Ноября 2014 (09:24) | 1822 | Автор: Redactor

 

Өткен аптада Бейнеу ауданында шекарашылар жол апатына ұшырап, 2 адам қаза тапты. Оқиға таңертеңгісін, жергілікті уақыт бойынша сағат 10-дарда болған. Тас жолда кетіп бара жатқан шекара қызметінің Уаз автокөлігі мен Камаз соқтығысып қалады. Қатты соққыдан Уаз көлігіндегі 6 адамның барлығы жарақат алған. Төртеуі шекара қызметінің қызметкерлері, ал екеуі солардың балалары.

 

Өкінішке орай, Бейнеу аудандық ауруханасының дәрігерлері келісім-шарт негізінде шекарада қызмет етіп жатқан 30 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы мен 6 жасар баланы аман алып қала алмады. Басына ота жасау кезінде екеуі де көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, жол апатына Камаздың жүргізушісі кінәлі. Ол өз жолынан қарсы бағытқа шығып кеткен. Қазір әлгі жүргізушінің үстінен қылмыстық кодекстің 296-шы бабы бойынша іс қозғалды.

 

Ал, аман қалған өзге науқастардың өмірімен облыстық аурухананың дәрігерлері күресіп жатыр. Шұғыл көмек көрсету үшін олар санавиация қызметінің көмегімен Ақтауға жеткізілген болатын.

 

Медет Жиғанғалиев, Маңғыстау облыстық ауруханасы жедел медициналық көмек бөлімінің жетекшісі:
- 31-ші қазан күні бізге Бейнеу ауданынан медициналық тікұшақпен үш науқас жеткізілді. Біреуі қазір хирургия бөлімінде жатыр, жағдайы орташа ауыр. Оның бауыры жыртылып, оң жақ бүйрегі қанталап кеткен болатын. Оған ота жасадық. Қазір жағдайы орташа ауыр. Ал, екіншісінің бірқатар сүйектері сынған, ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оған ота жасау жоспарланып отыр. Ал, бізге жеткізілген науқастың үшіншісі – бала. Ол бала болғандықтан оны облыстық балалар ауруханасына ауыстырдық. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему