Оқушылар онлайн сабақ оқымайтын болды
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 17:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Оқушылар онлайн сабақ оқымайтын болды

5 Апреля 2020 (16:55) | 4365 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев мәлімдеді.

 

 

Бұдан былай мектеп оқушылары ауызша сабақты «Ел арна» мен «Балапан» телеарналарынан тыңдайтын болады. Ал жазбаша түрде тапсырмалар мен жаттығуларды «Whatsapp», «Telegram» т.с.с. желілері арқылы мұғалімдермен хабарласып, орындайды. Сондай-ақ, «Mektep.edu» онлайн-күнделігі арқылы оқушылар мен ұстаздар арасында байланыс орнатылатын болады.

 

Бұл орайда, Қ.Жұмашев ата-аналарды теледидарды уақытылы қосып, видео-сабақты көру үшін балаларына барынша жағдай жасауға шақырды.

 

 

-Орындалатын сабақтың барлығы оқушылардың білім стандартынан қалып қоймау үшін және материалды толық игеру үшін маңызды, бірақ бұл сабақтың қорытындысы бойынша оқушыларға баға қойылмайды. Бұл – министрліктің шешімі, - дейді Қ.Жұмашев.

 

Маңғыстау облысында қашықтан сабақ өткізу үшін жоғарыда аталған әдістерді пайдалануға мұғалімдер мен оқушыларға барлық мүмкіндіктер жасалған. Өңірде интернет желісін күшейту мақсатында Қызан, Ақшымырау ауылдарында интернет ауқымын кеңейтетін қосымша қондырғылар орнатылды. Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу ауданында «Транстелеком», «Қазақтелеком» компаниялары мен «Алтел», «Кар-тел» компанияларының бірігуі нәтижесінде бұл аймақтарда интернетке қосылу жылдамдығы арта түсті.

 

 

 

 

Сурет пен видео қоғамдық коммуникация орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему