Өзін Назарбаевтың
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 09:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өзін Назарбаевтың "өнімі" санайтын Тасмағамбетов қандай ісімен есте қалды?

23 Октября 2014 (03:53) | 2143 | Автор: Redactor

Өзін Назарбаевтың "өнімі" санайтын Тасмағамбетов қандай ісімен есте қалды?

Билікте жүрген кезінде мансабы көз ілеспес жылдамдықпен өскен Иманғали Тасмағамбетов, ауқымды биографиясына қарамастан, Қорғаныс министрі болып тұңғыш рет тағайындалып отыр
Читать полностью:  http://news.nur.kz/337057.html
.

Бұған дейін Білім және ғылым министрі, премьер-министр, президент әкімшілігінің жетекшісі, мемлекеттік хатшы, тіпті Атырау облысы мен Алматы қаласын басқарып үлгерді. Кейін бас қаланы қолына алды. Өзін Назарбаевтың "өнімі санайтын" еліміздегі ең ықпалды шенеуніктердің бірі Елорданы басқарған кезде қандай істерімен есте қалғанын КТК арнасының тілшісі зерттеді.

Иманғали Тасмағамбетов Астананың әкімі болып 2008-інші жылдың сәуірінде тағайындалған болатын. Содан бері аттай 6 жыл өтті. Осы аралықта өзін жақсы қырынан көрсетуге тырысты. Орталықты жалтыратып жолдарды жаппай жөндеді. Бірақ қанша тырысса да бас шахардың сәулетіне қатысты Елбасыдан жиі сын еститін.

"Міне, қараңыздаршы, сулы жасыл желекте, басқа жерде емес қаланың ортасында, ең өтімді жерде құрылыс жүргізу үшін алынған учаске. Адамдар оның қоқыс жинайтын жер екендігін түсініп, қоқыстарын әкеліп тастайтын болды. Сен соны білесің бе? Бұл барып тұрған бассыздық қой. "Ажар" сауда орталығының артындағы құрылыс 5 жылдан асты әлі бітпеген. Тіпті қирап жатыр. Ешкім қадағалап жатқан жоқ", - деген еді бір жолы Нұрсұлтан Назарбаев.

Астанаға қоныс аударушылардың басты мәселесі де, талабы да  - баспана мен жер дауы. Халық саны көбейгендіктен Тасмағамбетов Елордаға көшіп келгеніне 5 жыл толмаған отбасыларға үй берілмейтінін мәлімдеді.

Тіпті тіркеуге алмауды ұсынды. Оның үстіне саяжайдағы үйлердің жаппай сүру талай жанжалға әкелді. Жұрт әкімдіктің өтемақысына келіспей талай, шу шығарғаны есте. Иманғали Нұрғалиұлы тың бастамаларымен ерекшеленіп, талай тартысқа себеп болғанын ешкім ұмыта қойған жоқ.

"6 ай қыста осындай бұдырлы шегесі бар  дөңгелектер асфальт шақ келтірмейді. Еуропада мұндай доңғалақпен жүруге рұқсат жоқ Астанада 400 мың машина бар. Көшені тазалап жатырмыз. Енді шегесі бар доңғалақ салып не керегі бар?!", - деді биыл Иманғали Тасмағамбетов.

Қонақ көп келетін Астананың қара жұмысы да көп. Бұл міндетті  Иманғали Нұрғалиұлы абыроймен алып шықты. Ал  жиындарда  пәтер сұрап келетіндерді  еңбек етуге шақырып, өзінің өмірін өзгелерге мысал ететін.

"Студент кезімізде оқығанда жатақхана тимейтін. Сол кезде біздер сол жатақхананың подвалында жататынбыз. Осыны қазір жастарға айтсаң күледі мырс етіп, аңыз санайды", - деп еске алды ол.

Жұмыссыз қалса да, депутат болмаймын деген Иманғали Тасмағамбетов астаналықтардың есінде тынымсыз, еңбекқор әкім ретінде қалғаны анық.

Енді ол ескі орталықтан Есілдің сол жағалауындағы Қорғаныс министрлігінде қызмет етпек. Ал оның орнын басқан Жақсыбековты де қыруар жұмыс күтіп түр. Енді "Экспоны" өткізу соған бұйырмақ.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему