«НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Маңғыстау жастарымен кездесті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 17:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Маңғыстау жастарымен кездесті

20 Ноября 2017 (20:35) | 1841 | Автор: Нурганым Имашева

Киелі өлкеге арнайы сапармен келген «НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Абырарұлы Құл-Мұхаммед бүгін 20 қарашада Абай мәдениет кешенінде аймақ жастарымен кездесті.

 

 

Басқосуда сөз алған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Елбасының жастарға көп көңіл бөлетіні жайлы айта келіп, бүгінгі жиынға қатысып отырғандар: ЖОО студенттері, жас ұстаздар, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері және БАҚ өкілдері екенінатап өтті. «НұрОтан» партиясының саясатын бірден-бір жүзеге асырушы «Жас Отан» жастар қанаты екенін тілге тиек етті.

 

Сөз кезегі ұсынылған кезде «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі Әсет Нұров аймақтағы «ЖасОтандықтардың» атқарған жұмыстары туралы баяндай келіп, жастар ұйымының тарапынан бірқатар ұсыныстарын облыс әкімі мен «НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарынаайтып өтті.

 

Шарада «Ш,Есенов атындағы КМТжИУ» ректоры Берік Ахметов ЖОО-ның жеткен жетістіктері және алдағы жоспарларымен бөлісті. Ректордың сөзінен кейін Мұхтар Абырарұлы өзінің бүгін Ақтау қаласындағы Политехникалық колледжіне барғаны жайлы айтып, ондағы оқып жатқан 2700 студенттің арасынан үздік тамамдаған түлектердің университетке оқуға қабылдануы мүмкіндігі туралыоқу орнының басшысына сауал қойды. ЖОО-ның басшысы бүгінгі таңда Ш,Есенов атындағы КМТжИУ»-дің бұрынғы колледжін қайта ашу туралы мәселе қаралып жатқаны туралы баяндады.

 

 

Өзіне сөз кезегі ұсынылғанда жастарға арнаған сөзін еркін түрде жеткізген «НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М. Құл-Мұхаммед:

-Мен Маңғыстауға бірінші рет келіп отырған жоқпын. Осыдан 20 жыл бұрын Әбіш Кекілбаев ағамызбен бірге «Маңғыстау» энциклопедиясының тұсауын кескен болатынбыз. Шахмардан Есенов ағаларыңызбен де ғалым, ұстаз ретінде де бірнеше рет кездесіп, сырлас болдық, ағалы-інілі қарым-қатынасымыз жақсы болған еді.

 

 

Амандық болса, келер жылы Астанада «Жас Отан» жастар қанатының съезін өткіземіз. Сол кезде еліміздің түкпір-түкпіріндегі талантты жастармен кездесу өткізіп, жастардың қандай талап-тілектері, ұсыныстары бар, сосын жастарды қандай мәселелер толғандырады, солардың бәрін талқылап, елеп-екшеп, «Жас Отан» жастар қанатының съезіне шығаратын боламыз.

 

Кешегі Кеңес заманында партияға жұмысшы жастарды қабылдайтын, ал қазір білім заманы. Алдағы 10-15 жылдың ішінде қазіргі қолданыста жүрген көптеген мамандықтар біртіндеп жоғалып кетуі мүмкін. Себебі олардың орнын жаңа технологиялар алмастырады. Ғылым мен білімнің дамуы нәтижесінде заман тез дамып жатыр. Сондықтан сіздер бәсекеге қабілетті болуларыңыз керек. Ол дегеніміз – Қазақстанның өзінде, ішінде емес, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттіболу қажет, - деді.

 

 

Осыдан соң Мұхтар Абырарұлыәртүрлі салада еңбек етіп жүрген, жаңадан «НұрОтан» партиясының қатарына енгенбір топ жастарды арнайы құттықтап, оларға салтанатты түрде партия билеттерін табыстады.

 

Жиын соңында жастар «НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед және Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановпен бірге естелік суретке түсті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему