Теңізшілерді даярлайтын оқу орны қайта жанданды
Курс валют в Актау
на 17/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
17 Мая, 19:12
Вход |Регистрация
Главное » Афиша-кино

Теңізшілерді даярлайтын оқу орны қайта жанданды

13 Мая 2014 (11:27) | 4294 | Автор: Редакция

 

Бұдан былай Қазақстан Флотының қатарына арнайы білім алған теңізшілер ғана қабылданып, келісім-шарт негізінде Отан қорғайтын болады. Кәсіби білімі жоқ азаматтар әскери теңіз күштерінің қатарына алынбайды. Осы мақсатта әскери теңіз күштері мамандардың жаңа толқынын даярлауға көшті. Бұрынғы әскери теңіз институтының ғимаратындағы оқу орталығында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жігіттер үшін арнайы оқу курсы басталды. Олар 5 ай бойы теңізші болудың қыр-сырын үйреніп, кіші әскери мамандықтарды меңгеріп шықпақ.

 

Бүгін әскери теңізшілерді даярлайтын оқу орталығы салтанатты жағдайда жұмысын бастады. Ақтаудағы әскери базаның барлық құрамы сап түзеп, болашақ теңізшілерді қарсы алды. Әскери теңіз күштерінің жауынгерлік туы көкке көтерілді.

 

Алғаш болып мұнда еліміздің әр өңірінен келген 32 жауынгер білім алатын болады. Әскери теңіз күштерінде қызмет атқарудың өзіндік ерекшелігі мен қиындығы бар. Сондықтан да болашақ теңізшілер оқу орталығына қабылданбас бұрын, сынақ тапсырып, арнайы іріктеуден өтті.

 

 

Қуандық Бердіғалиев, Әскери теңіз күштеріне қарасты оқу орталығының басшысы:
- Бүгінгі оқуға қабылданған 32 азаматтың бәрі осыған дейін өздерінің әскери қызметтерін құрлық әскери бөлімдерінде атқарған. Отан алдындағы борыштарын өтеп келгендер. Бүгінде біздің кемелеріміз заманға сай соны қару-жарақтармен және байланыс құралдарымен жарақталған. Болашақ теңізшілер осы техниканың құлағында ойнай алуы керек. Осы мақсатта курсанттар 5 айлық оқу курсын аяқтайды. Олар теориялық біліммен қатар, Каспий теңізіне шығып, тәжірибе жинақтайды. Содан кейін біздің қатарымызға қосылып, әрі қарай әскери теңіз күштерін нығайтады деген сенімдеміз.Оқу курсын аяқтаған әрбір маманға «3-ші дәрежелі әскери қызметші», деген атақ береміз.

 

Олар кеме жүргізуші, байланыс техниктері мен артиллерист секілді мамандықтарды меңгеріп шығады. Курсанттарға әскери теңіз күштерінің майталман мамандары дәріс оқитын болады. 26 жастағы Еламан Боранқұлов үшін бүгін қуанышты күн. Жұмыссыз сенделіп жүрген жас жігіт әскерге қызметке алынып, «теңізші болсам» - деген арманына қол жеткізетін болды.

 

Еламан Боранқұлов, Курсант:
-Мен Орал қаласынан келдім. Жоғары білімім бар, қаржыгер мамандығы бойынша 5 жыл білім алып шыққам. Құрлық қарулы күштерінде әскер қатарында да болдым. Алайда жұмыстың реті табылмады. Осы Орал қаласына әскери теңіз күштерінің арнайы комиссиясы келіп, іріктеуден өтіп, әскери теңіз күштеріне қызмет етуге келдім. Өте қуаныштымын. Енді 5 айды артқа тастасақ, жұмыс та табылады.

 

 

Курсанттар 5 ай бойы оқу орталығының жатақханасында жатып, білім алады. Қызметке кіріскен соң баспана мәселесі толық шешілмек. Оларға пәтер жалдап тұру үшін мемлекеттен арнайы қаржы беріледі. Оған ай сайынғы жалақысын қосыңыз. Әлеуметтік жағдайы шешілген соң сержант Еламан Боранқұлов отбасын құруды жоспарлап отыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему