Құтқарушы мамандығына қызықтыру
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 15:08
Вход |Регистрация
Главное » Афиша-кино

Құтқарушы мамандығына қызықтыру

6 Марта 2014 (11:47) | 8162 | Автор: Редакция

 

Бүгін №12 орта мектепте Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар Басқармасы 12 шағынауданда орналасқан білім ордаларының мектеп бітіруші түлектері және олардың ата-аналарымен кездестіру ұйымдастырды. Жиынға қатысушыларға қалалық ТЖ басқармасының басшысы өртке қарсы қызмет майоры Ерлан Мәуленов Көкшетау техникалық институтында тегін оқып, жоғары білімді өрт қауіпсіздігі инженері әрі әскери шенді офицер болудың мүмкіндігі, оқуға түсушілерге қойылатын талаптар туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп түсіндірді.

 

Төтеншеліктер мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына аталмыш оқу орнының жетістіктері туралы бейнероликті көрсетіп, өртсөндіруші-құтқарушы мамандығының беделі жоғары, абыройлы кәсіп екенін тілге тиек етті.

 

Кездесуге сонымен қатар Ақтау қалалық ТЖ басқармасының аға инженері өртке қарсы қызмет аға лейтенанты КТИ-дің 2010 жылғы түлегі Азамат Құлманов пен осы оқу орнын былтырғы жылы бітірген офицерлер Рүстем Беркінбаев пен Асқар Сопыбеков қатысты.

 

 

Қаһарман құтқарушы ағаларының мамандығы қызықтырған жас өрендер оқуға түсудің шарттары жайлы өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Қыздар тарапынан да ЖОО-ның түлегі болуы үшін қандай талапқа сай болу қажет деген сұрақтар қойылып, кейбір ата-аналар да өз балаларын осы оқу орнына барса деген ой толғандыратынын білдіріп, сауалдарына тұшымды жауап алды.

 

№12 орта мектептің биылғы түлегі Зейнуллаев Нұрсұлтанның анасы Қожабаева Туғанай: «Менің ұлым құтқарушы мамандығын қалап, Көкшетау техникалық институтына түсуді армандап жүр. Спортпен белсенді шұғылданады. Былтыр каратэден Қазақстан чемпионы атанды. Балам осы мамандыққа қатты қызығады. Бүгінгідей ТЖ мамандарымен кездесудің болғанына қуаныштымыз. Өртсөндіруші-құтқарушы мамандығы-нағыз ер азаматтың абыройлы мамандығы деп ойлаймын. Баламның қалауы осы кәсіп болған соң, оған қолдау білдіруді жөн санадым»,-деп өз пікірін білдірді.

 

Ал Ахмет Жиенбаев есімді ата-ана: «Менің балам Әділбек Орынбетов та осы мамандыққа оқығысы келеді. Кеше осындай кездесу болады деп естіп, арнайы келіп отырмын осы жиынға. Балам спортпен шұғылданады, осы мамандықты таңдап отыр. Өзім де бұл мамандықтың иелерін құрметтеймін, жақсы мамандық деп санаймын. Әрі оқуын бітірген соң 100 пайыз жұмыспен қамтылады, оқуы тегін, нағыз ер азаматтың ісі ғой-құтқарушы болу деген. Осындай балаларымызға мамандық таңдауға бағыт-бағдар сілтейтін шараларды жиі өткізіп тұрған дұрыс деп ойлаймын»,- деген өз ойымен бөлісті.

 

№12 орта мектептің 9 сынып оқушысы Мединаев Артур: «Маған өртсөндіруші-құтқарушы ағаларымыздың қиындықтан қорықпайтын ержүрек, батыр тұлғалары ұнайды. Мен де құтқарушы болып, адамдардың өмірін құтқаруға көмектессем деймін. Бүгінгі кездесуден біз сыныптас ұлдар жақсы әсер алдық»,-деп ТЖ саласының қызметіне деген өз қызығушылығын танытты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему