Маңғыстау облысындағы «Жарқыра» байқауының жартылай финалистері анықталды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 15:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысындағы «Жарқыра» байқауының жартылай финалистері анықталды

18 Ноября 2019 (11:30) | 2775 | Автор: Реклама

2019 жылдың 12 қарашасында «Жарқыра» байқауының бірінші турында жеңіске жеткен әлеуметтік кәсіпкерлерді марапаттау салтанаты өтті. Іс-шараға «Теңізшевройл» ЖШС,  ОАЕҚ, Ақтау мен облыстың әлеуметтік кәсіпкерлері, облыс әкімдігінің, Даму қорының, Атамекен ҰКП және ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Байқау «Теңізшевройл» ЖШС әлеуметтік инвестициялық жобалар желісі бойынша қаржыландырылатын Орталық Азияның Еуразия Қорының «Жарқыра» бағдарламасы шеңберінде  өтті.

 

 

Байқауға барлығы 92 өтінім түсті, атап айтқанда, Ақтау қаласынан - 65, Баутино ауылынан - 3, Боранқұл ауылынан - 8, Форт-Шевченко қаласынан - 6 және Құрық ауылынан – 10 өтінім келген. Заңды түрде конкурсқа қатысушылар келесі түрде бөлісті: жеке тұлғалар - 41, заңды тұлғалар және бизнес (ЖК және ЖШС) - 32, ҮЕҰ – 19. Сонымен қатар, облыстың ҮЕҰ жоғары белсенділігін атап өткен жөн. 6 адамнан тұратын Тәуелсіз сараптамалық комитеттің дауыс беру қорытындысы бойынша одан әрі оқу үшін 30 жартылай финалист таңдалды, оның ішінде: Ақтау қаласынан – 21, Форт-Шевченко қаласынан – 4, Құрық ауылынан – 4, Боранқұл ауылынан – 1. Іріктелген жобалардың тақырыптары: ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жобалар (8), экология және туризм (8), қала үшін жобалар (5), балаларға арналған жобалар (4), мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жобалар (2), денсаулық (3).

 

 

 

"Әлеуметтік кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпорындарға әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға, үкіметтік емес ұйымдарға гранттар түрінде қаржыландыруды алудан басқа тұрақты табыс режиміне көшуге мүмкіндік беретін әлемдегі жақсы дамыған бағыт. Қазіргі уақытта Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау, қоршаған ортаны қорғау, балаларды жаппай спорттық мәдениетке тарту, балалар үшін демалысты тиімді ұйымдастыру сияқты халықта жинақталған өзекті мәселелерді шешуге бағытталған әлеуметтік кәсіпкерлік жақсы қарқынмен дамуда. Міне, бүгін де Маңғыстау облысы бойынша көптеген жобалардың арасында, қажеттілігін ескере отырып, жұртшылық үшін 30 жоба іріктелді", - деді "Теңізшевройл" ЖШС үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.

 

 

 

Марапаттау салтанатында байқаудың жартылай финалистеріне бизнес дағдыларды дамытуға бағытталған акселерация бағдарламасына жолдама беретін сертификаттар тапсырылды. Акселерация бағдарламасы 4 тренингтен тұратын болады: маркетинг пен сатулар, қаржылар, стратегиялық жоспарлау және көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары мен мамандардың кеңес берулері.

 

 

Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл әлеуметтік борышты орындауға бағытталған, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге көмектесетін бизнес. Көптеген елдерде азаматтардың өзекті мәселелерді тиімді шешуі бұрыннан келе жатқан тәжірибе. Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау – мемлекетке әлеуметтік мәселелерді шешуде көмек, бұл ақылды қайырымдылық, бұл белсенді және бей жай емес азаматтар үшін өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік.

 

 

«Жарқыра» бағдарламасында ӘК қолдаудың бүкіл кезеңі қарастырылған: өтінімдерді іріктеу, бизнеске оқыту, қаржыландыру алу байқауы, тәлімгерлік және нетворкинг.

 

 

 

Суреттерді ұсынған баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему