Маңғыстаулық денсаулық сақшылары журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 20:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық денсаулық сақшылары журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады

27 Июня 2019 (14:00) | 3112 | Автор: Нурганым Имашева

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы және Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бірлескен түрде өңірдің медицина саласының жетістіктері, адам жанының арашасы - ақ халатты абзал жандардың жанкешті еңбегі, денсаулық сақтау ұйымдарының халыққа медициналық қызмет көрсетудегі қол жеткізген табыстары және емдеу мекемелерінің озық үлгідегі заманауи медициналық жабдықтармен қамтылуы сияқты толып жатқан жағымды жаңалықтарымен ел-жұртты хабардар етіп, БАҚ – да жариялау арқылы өлке тұрғындарын құлақтандырып жүрген бір топ журналистер қауымын елімізде 28 маусымда аталып өтілетін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 

 

Салтанатты жиынға келгендер алдында құттықтау сөзін бастаған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы директоры Б. Исмаханбетов БАҚ өкілдеріне алғыс айта отырып, халық денсаулығын сақтау бағытында дәрігерлермен қоян-қолтық атқарылып жатқан жемісті қызметтері үшін зор ризашылығын білдірді. Журналистердің елеулі еңбегінің нәтижесінде халық арасында аймақ медицинасының оң имиджінің қалыптасып отырғанын, аталмыш саланың өзекті мәселелері де қалам иелерінің назарынан тыс қалмайтынын атап өтті.

 

-Журналистер қауымы мен дәрігерлер қауымы өте тығыз байланыста жұмыс жасап келеміз. Соңғы кезде медицина саласында орын алып жатқан түрлі реформаларды бұқара халыққа уақытылы, толық көлемде жеткізуде журналистердің еңбегі өте зор. Сондықтан біздің саланың оң өзгерістерін, жағымды жаңалықтарын БАҚ-ТА жариялап, насихаттап жүрген тілшлерді төл мерекелерімен құттықтап, шығармашылық табыс, шалқар шабыт, жемісті еңбек тілеймін,- деді Бақыт Торғайбайұлы.

 

 

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.Бапиев журналистерге арналған құттықтау сөзінде тілішілердің аймақ медицинасының дамуы, қол жеткізген жетістіктерімен қатар орын алған проблемалары туралы да объективті түрде қалам тербеп жүрген журналистер қауымына ризашылығын арнады.

 

 

-Дәрігерлер халыққа аяқтарынан тік тұрып қызмет көрсетсе, журналистер қауымы жүгіріп жүріп қызмет етеді. Журналистер дегеніміз – билік пен халықтың арасындағы «алтын көпір». Барлық тілшілерді кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын,- деді ақ тілегін арнаған сала басшысы Талғат Бапиев.

 

Кәсіби мереке қарсаңында марапатталуға ие болғандар қатарында болғандар:

 

1. Қозыбақова Валентина Мұстажепқызы – «Маңғыстау» газетінің тілшісі

 

2. Садырова Гульмира Талапқызы – «Лада», «Маңғыстау дәрігері» газетінің журналисі

 

3. Калаганова Марина Сисенқызы – «Огни Мангистау» газетінің редакторы

 

4. Сағира Күзембаева – «Маңғыстау» телеарнасының тілшісі, «Сын мен шын» бағдарламасының жүргізушісі;

 

5. Александр Рыжих – «Лада» газетінің журналисі;

 

6. Ольга Золотых – «Огни Мангистау» газетінің тілшісі;

 

7. Инабат Алдияр – «Маңғыстау» телеарнасының тілшісі, «Денсаулық», «Қайырлы таң» бағдарламаларының жүргізушісі

 

8. Айман Нұрмағанбет – «Маңғыстау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан дәуірі» газетінің Маңғыстаудағы меншікті тілшісі.

 

9. Мадина Ахмедова – «Тумба» газетінің тілшісі

 

10. Нұркен Тажибаев – «Тумба» газетінің тілшісі

 

11. Нұрғаным Имашева – «Тумба» газетінің журналисі,

 

12. Әйгерім Ашықбаева – «Маңғыстау» телеарнасының журналисі, «Қазинформ» ақпараттық порталының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі

 

13. Кәмшат Әбдірайым - «Маңғыстау Медиа» сайтының бас редакторы.

 

 

Журналистерге сыйлық ретінде «Француз үйінен» косметикалық бұйым сатып алу мүмкіндігін беретін, құны 20 000 тұратын сертификат, алғыс хат және гүл шоқтары табысталды

 

Денсаулық сақшыларының төл мерекеде көрсеткен құрметтері мен ыстық ықыластарына разы болған журналистер де дәрігерлерге өз алғыстарын білдірді.

 

Суреттерді түсірген Нұркен Тәжібай

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему