Маңғыстау облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің Департаментінде мерекеге орай шара ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 00:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық қылмыстық-атқару жүйесінің Департаментінде мерекеге орай шара ұйымдастырылды

30 Ноября 2018 (11:12) | 3015 | Автор: Нурганым Имашева

1 желтоқсан – ҚРТұңғыш Президенті күніне орай Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің Департаментінде 29 қараша күні салтанатты жиын болып өтті.

 

 

Мерекелік басқосуға Департамент басшылығы мен жеке құрамы, «НұрОтан» партиясының ардагері Есберген Іңірбайұлы, «НұрОтан» партиясының қызметкері Мадияр Қалиасқаров және қылмыстық-атқару жүйесінің бір топ ардагерлері қатысты. Жиынды құттықтау сөз сөйлеумен ашқан Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің басшысы Әділет полковнигі Т.Гашимов ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ел Тәуелсіздігін нығайту жолындағы сарабдал саясаты, Елбасының ел бірлігін, халықтар достығын ту еткен, Қазақстанның әлемдік аренадағы орнын айқындаудағы, ел экономикасының өркендеуіндегі маңызды ролін атап өтті. ҚР Ішкі Істер Министрі Қ.Қасымовтың мерекеге орай құттықтауын оқыды.

 

Сөз кезегі берілген сәтте Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің Департаменті ардагерлері Кеңесінің төрағасы Бегалиев Досымбек Қарабайұлы да жиналғандарды мерекемен қызу құттықтап, Елбасының елдікті сақтаудағы, Қазақстанның абыройын асқақтатудағы роліне тоқталды, Президент Н.Назарбаевтың ұлт көшбасшысына дейінгі жүріп өткен өмір және еңбек жолының баршаға үлгі-өнеге болуына тілек қосты.

 

 

Осыдан соң сөз тізгінін алған «НұрОтан» партиясының ардагері Есберген Іңірбайұлы жиынға қатысушыларға Елбасының басшылығымен Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақ елінің жеткен жетістіктерін атап өтіп, Президенттің қоғамның рухани тұрғыдан баюына арналған еңбектеріне тоқталып, ел азаматтарының саналылығын арттыру жолындағы қадамдарды нығайту, ел болашағының жарқын болуы үшін әрбір азаматтың қосар үлесі туралы айтты.

 

-Құранда да айтылған: «Патшасын бағаламаған ел  оңбайды» дейді, яғни, патшамызды бағалай білуіміз керек. Президенттің сындарлы саясатын жүзге асыру, халқына деген зор сүйіспеншілікпен үлкен саясатты жүргізе білуін, көрегенділігін бағалауымыз керек.

 

Күні кеше өткен «Азаматтық форумда» сөйлеген сөзінде Елбасы халқымыздың, ұлтымыздың құндылықтарынан ажырамауының маңызы туралы сөз қозғады.

 

 

Сіздер жаза басып, қылмыстық әрекет жасағандарды түзету, оларды мына бейбіт өмірге бейімдеу жолында қызмет етіп жүрсіздер. Мүмкін, олар да жаза басып, жазатайым қателескен шығар, сондықтан олардың санының азаюына, осындай мекемелердің тіптен жойылып кетуіне жағдай туғызу керек. Себебі Қазақ елінде еш уақытта түрме деген болмаған. Міне осы жағын да ойластыруға тиістіміз, -дей келе жиналғандарды 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

 

Келесі кезекте салтанатты жиын мерекеге орай марапаттау рәсіміне ұласты. Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің Департаментінің басшысы Әділет полковнигі Т.Гашимов қызметте жақсы жетістіктерге жеткен жүйе қызметкерлерінің бір тобын және «НұрОтан» партиясының ардагері Есберген Іңірбайұлын Алғыс хатпен, сала ардагерлері Кеңесінің төрағасы Д.Бегалиевті «Құрмет Грамотасымен» және кейбір қызметінде көзге түскен қызметкерлерді «ҚАЖ үздігі» арнайы төсбелгісімен, ҚР ІІ Министрлігінің алғысымен, грамоталармен марапаттады.

 

Шара соңында Елбасының сындарлы саясаты, Қазақстанның әлемдік аренадағы алар айшықты орны, ел экономикасын дамыту жолындағы Президенттің стратегиялық жоспарының жүзеге асуы, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылып жатқан істердің нәтижесі туралы түсіріліген мазмұнды деректі фильм жиынға қатысушылардың назарына ұсынылды.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему