«Туған елге тағзым-2018» өлкетану экспедициясы басталды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 13:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Туған елге тағзым-2018» өлкетану экспедициясы басталды

23 Октября 2018 (11:45) | 3520 | Автор: Нурганым Имашева

Қазанның 22-сі күні Маңғыстауда «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеушілік экспедициясы басталды. Өлкетану жобасына Астана және Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 24 оқушы қатысып жатыр. Ақтаудағы зияткерлік мектеп тарихында екінші рет өткізіліп отырған саяхат бұл жолы «Маңғыстау кереметтері» деп аталды.

 

 

Астаналық және көкшетаулық зияткерлер бір аптаға созылатын шара барысында аймақтың флорасы мен фаунасы жайлы ақпарат алу үшін Маңғыстау облыстық ботаникалық бағына барса,  облыстық тарихи-өлкетану және «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінің мұражайында түбек тарихымен танысады. Сонымен қатар, Ақтау қаласында да экскурсия ұйымдастырылмақ.

 

Жоба бағдарламасына сәйкес, оқушылар Маңғыстаудағы ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші  саналатын Шақпақ ата жер асты мешітіне барады. Аймақтағы ең көркем орынның бірі  Ақеспе  жырасының (алқап) сұлулығына куә болады. Кезінде халықты жау шабуылынан қорғауға шақырған Отпантаудағы «Ұран отын» көріп, оның бүгінгі бейбіт өмірдегі маңызымен танысады. Өлкенің визитті картасына айналған Шерқала тауы мен қос ғашық Ақбөбек пен Қайып ескерткішіне барып, аңыз-әңгімелер тыңдау жоспарланған.

 

Маңғыстау тылсым жерлерімен ғана емес, ерекше тұлғаларымен де танымал. Түбектің тарихи тұлғалары Иса-Досан батыр ескерткішін көріп, Форт-Шевченко қаласындағы этнографиялық мұражайынан жергілікті халықтың тұрмысы туралы мәлімет алады. Сонымен қатар, суретші, украин ақыны Тарас Шевченконың музейіне барып айдаудағы өмірі туралы біледі, басқа еш жерде кездеспейтін  мәліметтер мен экспонаттар  қорын көреді.

 

- «Туған елге тағзым» жобасына қатысатын балалар өздері көріп қана қоймай, оны санасында қорыту мақсатында, күнделік толтырып, алған әсерін, мәліметтерін тізіп отырады. Бұл баланың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, алған мәліметтерді жадында сақтауға жақсы мүмкіндік, - дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынзер Ихсанова.

 

 

Өлкетану-зерттеушілік экспедициясы бойынша қорытынды кеште Әбіштанушы ғалым  Жанбибі Сенбайқызы Дүйсенбаевамен кездесу ұйымдастырылып, зияткерлер өңірдегі құдықтар туралы, жер-су атаулары туралы, Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген зерттеулерді тыңдайды.

 

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ:

«Туған елге тағзым» – «Назарбаев Зиякерлік мектептері» дербес білім беру ұйымның еліміздің түкпір-түкпірін жас зияткерлерге таныстырып, зерттеушілік қабілеттерін арттырып, туған жерге деген махаббатын қалыптастыруға арналған авторлық жоба. 2012 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан шара туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр-сырын білуге, оқушы бойында патриоттық сезімді арттыруға бағытталған.

 

Зияткерлік мектептердің өзара маршрут алмасу арқылы Қазақстан аймақтарымен танысып, зерттеу жүргізуі бұл білім беру сапарының ерекшелігі болып табылады. Жоба аясында экспедициялық топтар еліміздің барлық аймақтарында болып, сол жердің флора, фауна, тарихын, мәдениетін, инновациялық объектілерін, архитектуралық құрылыстарын, зерттейді.

 

Экспедицияға әр аймақтың 7, 8, 9, 10 сыныптарынан оқу барысында, шығармашылықта, спорттық шаралардағы жетістіктері үшін таңдалған оқушылар қатысады.

 

Экспедиция жұмысы толыққанды нәтижеге бағытталған. Экспедиция аяқталғаннан кейін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары бойында зерттеп отырған аймақ туралы (оның өткені, бүгіні мен болашағы туралы) толық хабардар болу, зерттеу жүргізу, сұхбат алу, жинақталған материалды тәжірибеде қолдану үшін, сараптау, топтағы өзара қарым-қатынас мәдениеті, физикалық және психологиялық төзімділік, өзіндік шешім қабылдау және әрекет ету секілді дағдылар қалыптасады. 

 

 

Экспедиция аяқталғаннан кейін, алдағы оқу жылында өткізілетін экспедицияда зерттеу жүргізу үшін, жинақталған материалдар мектеп кітапханасына беріледі.

 

Бұл туралы біздің басылымға Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағыНазарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему