Ерекше балаларға арналған орталық ашуды мақсат еткен анаға көмек көрсетілетін болды
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 23:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ерекше балаларға арналған орталық ашуды мақсат еткен анаға көмек көрсетілетін болды

21 Декабря 2017 (20:52) | 2367 | Автор: Нурганым Имашева

«Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына келген Румия Мукишова сал ауруына шалдыққан балаларға арналған орталық ашқысы келетіндігін айтты. Оның алдына мұндай мақсат қоюының өзіндік себебі де бар.

 

 

Румия Мукишованың он жасар қызы Раушан дәрігерлер жұлынынан су алғаннан кейін осы дертке шалдыққан болатын. Тоғыз жылдан бері баланы Қытайға, Астана, Алматы, Қызылорда қалаларына апарып емдетумен келеді. 

 

Румияны облысқа оралғасын сол емді жалғастыратын орындардың жоқтығы қинайды. Әрі бұл сапарларға көп уақыт пен қаражат кетеді.

 

-Мен әсіресе Қызылорда қаласындағы жекеменшік орталықтың жұмысына өте ризамын. Ол жерде тірек-қимыл аппараты бұзылған үлкен адамдар да жаттығады. 

 

Бұл жерде тез жазылуға көмектесетін тамаша құрал-жабдықтар бар. Осындай жаттығу залы біздің қалада да болса ғой деп армандаймын. 

 

Бұл ауруға шалдыққан балалар жаттығуларды күнделікті және тұрақты түрде жалғастырып отыруы қажет. Сонда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады, - дейді жас ана. 

 

 

Румия Мукишованың мақсаты күрделі. Ол кәсіпкерлікпен айналысу арқылы игі істерді жүзеге асырмақ ниетте. Өз баласымен қатар, осы дертке шалдыққан басқа да балалардың денсаулығын нығайтатын тренажерлер алғысы келеді. Ол осы ойын жүзеге асыру үшін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Көшмағамбетовтің қоғамдық қабылдауына жазылды. 

 

Әкімнің орынбасары Румия Мукишоваға «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының бизнес-жоспар жасауға тегін көмектесетіндігін, «Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау қоры» арқылы несие алуға болатындығын түсіндірді.

 

Қоғамдық қабылдауға келген екінші азамат Асқарбек Жәнібеков Қазақстанда өндірілетін азық-түлік тауарларын қолжетімді бағада сатқысы келетіндігін жеткізді.

 

 

 Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Көшмағамбетов бұл азаматқа қаладағы базарлардың  бірінен сауда нүктесін ашу жолдарын қарастыруға болатындығын айтты.

 

Асқарбек Жәнібеков партияның қоғамдық қабылдауында болған кезде орта және шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған шаралар жөнінде кеңестер алды.

 

Cуреттерді түсірген «Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему