Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік стандартқа сәйкес жағдай жасамау заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 14:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік стандартқа сәйкес жағдай жасамау заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады

25 Октября 2017 (11:46) | 1818 | Автор: Нурганым Имашева

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанынан бастап Ақтау қаласының прокуратурасымен «Қоғам – сенің қорғаның» атты халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жобасы жүзеге асырылуда.

 

 

«Қоғам – сенің қорғаның» атты жобаның негізгі мақсаты – қала көлеміндегі әлеуметтiк осал топтарының барлық әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз жүріп тұруына, жұмыспен қамтылуына, мемлекеттік әлеуметтік көмектер мен жеңілдіктерді толық қолдануына, жеке мүліктерінің сақталуына, алимент, жәрдемақыларының мерзімінде төленуін қамтамасыз етіп, мемлекеттік кепілденген құқықтарын тең пайдалануға мүмкіндік жасау.

 

Қала прокуратурасының бастамасымен «Қоғам – сенің қорғаның» атты халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жобасы аясында мемлекеттік органдардың және мемлекеттік емес ұйымдардың құрамынан жұмыс тобы құрылды.

 

Халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыс тобымен және «Қазақстан - Ақтау» телеарнасымен қала аумағындағы мүмкіншілігі шектеулі жандардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне, жеке меншік нысанындағы  сауда, ойын, спорт объектілеріне қол жетімділігін зерделеу мақсатында түгендеу жұмыстары жүргізілді.

 

Алайда, жұмыс тобымен объектілерге түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында қалалық бірқатар мемлекеттік органдардың, арнайы оқу орындардың, жалпы білім беретін орта мектептердің және мектепке дейінгі балабақшалардың әкімшілік ғимараттары қазргі таңдағы мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға арналған стандарттарға сәйкес жасалмағандығы, яғни мүгедектердің жылжымайтын нысанға еркін кіріп-шығуына арналған арнайы пандустардың орнатылмағандығы анықталды.

 

«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай – Заң) 15-бабына сәйкес, Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау әлеуметтiк, қайырымдылық көмекті, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалтуды, бiлiм алуға қолжетімділікті және мүгедектердің қоғам өмiрiне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсыну арқылы қамтамасыз етiледi.

 

Сондай-ақ, Заңның 25-бабына сәйкес, жергiлiктi атқарушы органдар:

- мемлекеттiк стандарттарға сәйкес елдi мекендердi жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерiлетiн және қайта салынатын аумақтар мен басқа елдi мекендердi абаттандыру кезiнде мүгедектердiң тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндiрiстiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кiрiп-шығуын;

 

- тұрғын үй құрылыстары шегiнде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелерi мен еңбек ету объектiлерi жанында орналасатын жеңiл автомобильдердi уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтарды жобалау және салу кезiнде мүгедектердiң жеке автокөлiк құралдарына арналған орындарды;

 

- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтердi ескере отырып, автомобильдердi қоса алғанда, арнаулы жүрiп-тұру құралдарына apналған гараждар немесе тұрақтар салу үшiн мүгедектерге кезектен тыс орын берудi;

 

- мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған мекемелер орналасқан жерлерде, сондай-ақ халық көп жүретiн жерлерде iлесе дыбыстайтын және жарық беретiн арнаулы бағдаршамдар, жол белгiлерiн және көрсеткiштер орнатуды, дыбыстайтын және жарық түсiретiн құрылғылармен жарақталған жаяу жүргiншiлер өтетiн жерлердi белгiлеудi қамтамасыз етуге тиiс.

 

Бұдан басқа, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiр жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына мемлекеттiк стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi.

 

Сонымен қатар, лауазымды адамдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға және көлік инфрақұрылымына кедергісіз қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеуі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғатыны көрсетілген.

 

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзу:

- мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу;

 

- мүгедектердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеу;

 

лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Ал, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – лауазымды адамдарға – сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны көрсетілген.

 

Ақтау қаласы прокуратурасының Бөлім прокуроры

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему