Ақтау қаласының ірі супермаркеттері мен базарларында мамандар тағам өнімдерінің қауіпсіздігін анықтау акциясын ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 17:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласының ірі супермаркеттері мен базарларында мамандар тағам өнімдерінің қауіпсіздігін анықтау акциясын ұйымдастырды

23 Июля 2017 (13:36) | 2008 | Автор: Нурганым Имашева

Жаз-жеміс-жидек, көкөністердің көптеп өсетін кезеңі. Қазір дүкендер мен базарлар сөресі ерте піскен өнімдермен толы. Олардың пісуін жеделдету үшін құрамында нитраттары бар тыңайтқыштар қолданылады.

 

 

Алайда, олар мөлшерден көп болса, тағамнан улануға әкелуі мүмкін. Осы орайда Ақтау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және Қазақстан Республикасы ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы мамандарымен бірлесе жіті-ішек ауруларының және тағамнан уланудың алдын-алу мақсатында Ақтау қаласының аумағында орналасқан сауда-саттық орындарында, тұрғындардың арасында жеміс-жидектер мен көкөністердің қауіпсіздігі мен сапасын анықтау мақсатында шілде айында бірнеше науқан жұмыстары (акциялары) жүргізілді.

 

 

Науқан жұмыстары ағымдағы жылдың 12, 14, 18, 20 шілде күндері «Мағаш» базарында, 11А шағын ауданындағы «Жігер» сауда үйінде (СҮ) орналасқан «Дана» супермаркетінде, 26 шағын аудандағы «Достық» СҮ орналасқан «Good Market» супермаркетінде, 30 шағын аудандағы, «Олжа» СҮ орналасқан «Нұр-ғалым» супермаркетінде, 5 шағын ауданда орналасқан «Волна» базарында экспресс – әдістерді қолданып өткізілді.

 

 

Акция кезінде 49 тұрғын ақысыз «Нитротестер» құрылғысының көмегімен 206 жемістер мен көкөністерден нитрат мөлшерін анықтады. Нәтижесінде сәйкессіздіктер анықталмады.

 

 

Науқан барысында тұрғындарға тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен салауатты тамақтануды насихаттау мақсатында біраз брошюралар таратылып, түсіндірме-әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему