Ақтау дәрігері Ернұр Ордабаев пен оның алтын қолдары
Курс валют в Актау
на 28/06/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
28 Июня, 21:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау дәрігері Ернұр Ордабаев пен оның алтын қолдары

14 Мая 2022 (13:18) | 958 | Автор: Редакция

Жақында Маңғыстау облыстық ауруханасының кардиохирургтері аорта стент-графт имплантация операциясын сәтті жасады, - деп хабарлайды облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы.

Маңғыстау облыстық ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, науқас 1964 жылы туған. Ол 20 сәуір күні облыстық ауруханаға жедел түрде жедел жәрдеммен келеді. Алғашында инфаркт-миокард диагнозы қойылады. Бірақ кейін диагноз жоққа шығарылады.

-Науқасқа зерттеу шаралары жүргізілген науқастан аневризма диагнозы анықталады. Сол күннен бастап науқас кардиологиялық бөлімнен жүрек қан тамыр бөліміне ауыстырылады. Диагноз анықталғаннан кейін науқасқа сәйкес стент-графтпен операция жасалды, - дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының кардиохирург-дәрігері Ернұр Ордабаев.

Ота сәтті өтті. Қазір науқас өздігінен демалады, гемадинамикасы тұрақты, қан қысымы 120/80.

-Науқаста қолқа тамыры сөгітілген жерден кеуде қуысына қан құйылған. Яғни, гемоторакс болған. Гемотораксқа стент-графт орнатқаннан кейін плевра аймағына дренаж қойдық. Екі жарым литр көлемінде қан шығардық. Содан кейін өкпесі ашылды. Қазір науқастан шағым жоқ, - деді кардиохирург-дәрігер Ернұр Ордабаев.

Операция 1 сағатқа созылды. Отаны кардиохирург Ернұр Ордабаев, ассистент ретінде Құрбанәлі Сабдинов және анестезиолог Мәулен Жұмаділдаев жасады.

-Дәрігерлер Алматыдан керекті құрылғысын алдыртып, мені үш күн операцияға дайындады. Операция аяқталғаннан кейін түнде дәрігерлер құлағыма «оян, оян» деп айтып жатыр екен. Содан көзімді ашып, есімді жинадым. Содан кейін реанимацияда жаттым, кейін бөлімшеге шығарып, емдеді. Алдымен жедел жәрдем қызметкерлерінің, екіншіден операция жасаған Ернұр Ордабаев бастаған дәрігерлердің біліктілігі арқасында тірі қалдым. Көп рақмет дәрігерлерге! - дейді науқас.

Науқас операциядан кейін жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінде, кардиология және аритмология бөлімшесінде емделді. Аяққа тұрып, еркін жүріп, жағдайы жақсарды. Бүгін дәрігерлердің рұқсатымен үйге шығарылды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему