Мұнайлы ауданының атбегілері жастарды ат спортына баулуда
Курс валют в Актау
на 21/05/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
21 Мая, 01:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайлы ауданының атбегілері жастарды ат спортына баулуда

30 Декабря 2021 (14:31) | 1752 | Автор: Редакция

Ахат Жұмажанов – мұнайлылық атбегілердің бірі. Ол жастайынан атбегілікпен айналысады. Бүгінде мұнайлылық жастарды да осы өнерге баулып, шабандоздарды шығарып жүр. Оның шәкірттерінің алды 10 жаста болса да, бәйгеге қатысып, топ жарып жүр.

-Бұл біздің ата дәстүріміз. Осы дәстүріміз бен ұлттық спортымызды ұштастырып, жастарға үйретейік деген ниетпен осындай топ құрдық. Мұнда шеберлік сағатын өткіземіз. Балаларға атбегіліктен бөлек, адамгершілік, бауырмалдық деген сынды адами қасиеттерді де үйреткіміз келеді. Жиырмаға жуық жас бар. Осының барлығы менің шәкірттерім. Қазірдің өзінде бәйгенің алдын бермейді, - деді атбегі Ахат Жұмажанов.

Мұнайлылық балалар арасында спорттың бұл түріне қызығушылар да көп. Солардың бірі 10 жастағы Мейіржан Жеңісбекұлы. Ол «Қызылтөбе-2» ауылындағы №6 орта мектептің оқушысы. Осыдан 2 жыл бұрын Мейіржанның әкесі ұлын атбегі Ахаттың сабағына қосқан. Бүгінде Мейіржан жылқының жалын тартып мінер, кәсіби шабандозға айналған.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіg

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему