Жармыштық тұрғын теріден қамшы өреді
Курс валют в Актау
на 27/01/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
27 Января, 06:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жармыштық тұрғын теріден қамшы өреді

3 Ноября 2021 (15:24) | 979 | Автор: Редакция

Жармыштық тұрғын Досбай Төлемағанбетов теріден қамшы өреді. Ол бұл өнерге бала күнінен қызыққан. Өз бетінше қамшы өру, тұсамыс, ер-тұрман, мұрындық жасауды үйренген. Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Алғашқыда қолөнер шебері түрлі бұйымды күнделікті шаруаға пайдалану үшін  жасап жүрген. 2000-жылдан бастап қолдан, таза мал терісінен өрілген қамшысы сұранысқа ие бола бастады.

 «Малдың жаңа сойылған терісі иленеді. Оны кептіріп қамшыны түйенің мойын терісінен, шашақтарын ешкінің терісінен, малақайын сиырдың терісінен дайындалады. 4,6,8,9,12 түрлі өрім өріп, сабына жыңғыл бұтағын пайдаланады. Осылай ерекше ықыласпен жайындаған дүние тұрғындардың көңілінен шығып келеді»,-деді Досбай Төлемағанбетов.

 

Шебердің айтуынша, алыс-жақын ауылдардан тапсырыс беретіндер де көп. Досбай Төлемағанбетов тек қамшы емес, атқа ер, жылқыға тұсамыс, түйе малына мұрындық та жасайды. Осылайша, ата – бабадан қалған дәстүрді сақтап, жалғастырып жүр. Білген-түйгенін қос ұлына да үйреткен. Қазір балалары қамшы өру, ер, тұсамыс, мұрындық жасау жолдарын шебер меңгерген.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему