Маңғыстауда сұйытылған газ неге қымбаттап барады
Курс валют в Актау
на 27/01/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
27 Января, 06:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда сұйытылған газ неге қымбаттап барады

3 Ноября 2021 (14:09) | 425 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысында келер жылы сұйытылған газдың 100 пайызы электронды сауда алаңдары арқылы өткізіледі. Мұндай әдіс сұйытылған мұнай газ бөлінісінде ашықтықтықты қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаров мәлім етті.

 

 Оның айтуынша, электронды саудаға көшу саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады және сұйытылған мұнай газ үшін экономикалық негізделген бағаны қалыптастырады. Бұл құрал жабдықтарының 90% тозған, 1973 жылдан бері үздіксіз қызмет етіп келе жатқан газ өндіруші жалғыз кәсіпорын Қазақ газ өңдеу зауытын жаңғыртуға мүмкіндік береді.

«Биыл сәуір айына дейін сұйытылған мұнай газы көлемінің 25 пайызы электрондық сауда арқылы, 75% әкімдік арқылы бөлініп келді. Ал қараша айында газ көлемінің 70% электрондық сауда арқылы жүзеге асырылады», - деді Нұрлан Орынбасаров.

 Спикердің мәліметінше, электронды сауда нарықтағы мәмілелердің ашықтығын қамтамасыз етеді және сұйытылған өнімдердің көлеңкелі экспортын болдырмауға септігін тигізеді. Сонымен қатар бұл платформа арқылы газдың бағасын нарықтың өзі белгілейді.

 «Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газдың бағасы республиканың басқа өңірлерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Мәселен, Маңғыстау облысында сұйытылған мұнай газдың 1 литрі қыркүйекте 63,24, қазанда 70 теңге болды. Ақтөбеде қыркүйекте 60,93, қазанда 69. Атырауда қыркүйекте 69,57, қазанда 70. Ақмола облысында қыркүйекте 70,31, қазанда 84. Нұр-Сұлтан қаласында қыркүйекте 72,50, қазанда 92. Батыс Қазақстан облысында қыркүйекте 72,92, қазанда 92. Қарағандыда қыркүйекте 76,50, қазанда 106. Павлодарда қыркүйекте 75,11, қазанда 94. Қызылордада қыркүйекте 77,45, қазанда 93. Солтүстік Қазақстан облысында қыркүйекте 79,58, қазанда 108. Алматы облысында қыркүйекте 80,50, қазанда 98. Шығыс Қазақстан облысында қыркүйекте 83,83, қазанда 105. Шымкентте қыркүйекте 86,25, қазанда 104. Түркістанда қыркүйекте 87,29, қазанда 104. Жамбыл облысында қыркүйекте 87,46, қазанда 94. Алматы қаласында қыркүйекте 88,10, қазанда 95. Қостанайда қыркүйекте 89,04, қазанда 113», - деді Нұрлан Орынбасаров.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему