Түпқараған ауданында 11 инклюзивті кабинет ашылды
Курс валют в Актау
на 16/08/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
16 Августа, 06:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түпқараған ауданында 11 инклюзивті кабинет ашылды

24 Октября 2021 (13:39) | 720 | Автор: Редакция

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Түпқараған ауданында мектеп жанынан 11 инклюзивті білім беру кабинеті іске қосылды. Оның екеуі Форт-Шевченко қаласында, үшеуі  Ақшұқыр ауылында орналасқан. Баутин ауылы мен  Сайын Шапағатов ауылдық округінде екі кабинет, Қызылөзен мен Таушық ауылдарында бір кабинеттен ашылған. Жоба «NCOC» компаниясының демеушілігімен жүзеге асты. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

 

 

Білім алушылардың жан-жақты дамуы үшін «Тренинг алаңы», ойнауға арналған «Жердегі уақыт» зонасы, тынығу үшін «Релакс» зонасы, жеке жұмысқа арналған «Сұхбат алаңы» бөлмелері қарастырылған. Оқушылардың моторикасын дамыту жұмыстары үшін түрлі дидактикалық, ой дамыту ойындары, пазл-мозайкалар алынды. Сондай-ақ, келушілермен арт-терапия, құм терапиясы, музыкалық терапия, экотерапия сынды жұмыстар жүргізіледі.

 

 

Түпқараған аудандық білім бөлімінің басшысы Айбаршын Өтесбаеваның айтуынша, инклюзивті кабинеттерде ерекше балаларға арналған жеке оқу жоспары мен бағдарламалары  жасақталған.

 «Білім беру ұйымдарындағы ерекше білімді қажет ететін 37 оқушыға 204 мұғалім сабақ береді. Оның 82-і біліктілікті артыру курстарынан өтіп, арнайы сертификат алған. Оларға №124 бұйрығы негізінде 40% үстемақы төленеді. Ерекше балалардың сапалы білім алуына барлық мүмкіндік бар», - деді Айбаршын Өтесбаева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему