АҚТАУДА АЛҒАШ РЕТ ЖЕРАСТЫ ҚОҚЫС КОНТЕЙНЕРІ ОРНАТЫЛДЫ
Курс валют в Актау
на 02/12/2021
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Декабря, 08:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

АҚТАУДА АЛҒАШ РЕТ ЖЕРАСТЫ ҚОҚЫС КОНТЕЙНЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

16 Сентября 2021 (18:49) | 1130 | Автор: Редакция

АҚТАУДА АЛҒАШ РЕТ ЖЕРАСТЫ ҚОҚЫС КОНТЕЙНЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Nurak Trailer» түрік компаниясы Ақтау қаласына жерасты қоқыс контейнерін сыйға тартты.
Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алғаш рет орнатылған жерасты контейнерінің бірнеше артықшылықтары бар. Мәселен, қаланың эстетикалық келбеті жақсарып, жағалау аймағындағы туризмнің
дамуына оң әсерін тигізеді. Қала тұрғындары мен қонақтарының демалуына да қолайлы болмақ. Өйткені, контейнерлерден қолаңсыз иіс шықпайды және арнайы техникамен шығару кезде қоқыс жан-жаққа төгілмейді.

«Ақтау қаласына келгеніме 2 жылдан асты. Әсем қалада ескі контейнердің тұрғанын көріп, компанияның атынан Тәуелсіздіктің 30 жылдығыга орай осындай жерасты қоқыс жәшіктерін сыйға тартуды шештім. Көрші елдер арасындағы ыньымақтастық нығая берсін.»,- деді компания директоры Әли Делибудак.

Сонымен қатар, заманауи контейнердің көлемі қазіргі қолданыстағы қоқыс жәшіктерінен үлкен. Бұл өз кезегінде рейстер санын азайтып, қоқыс шығаратын мекемелер  үшін тиімді болмақ. Қазіргі таңда қоқыс шығарушы компаниялардың арнайы техникалары осы контейнерге қызмет көрсетуде.

Қала әкімінің орынбасары С.Гусманның айтуынша жаңа үлгідегі қоқыс контейнерін орнату мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылмақ. Осы бағытта қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсыныс беріледі деді.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

--

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему