Балалар арасындағы суицид пен әлімжеттік: мәжілісте заң жобасы мақұлданды
Курс валют в Актау
на 02/12/2021
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Декабря, 09:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балалар арасындағы суицид пен әлімжеттік: мәжілісте заң жобасы мақұлданды

15 Сентября 2021 (12:23) | 964 | Автор: Редакция

Парламент мәжілісі баланың құқықтарын қорғау мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

kvmyk.de

Мәжілістің жалпы отырысында балалардың құқығын қорғау мәселелері туралы заң жобасы талқыланды. Заң жобасының мақсаты – баланың құқықтарын қорғау саласында қоғамдық қатынастарды кешенді реттеудің тиімді құқықтық негізін қалыптастыру.

Депутат Динара Зәкиева құжатқа енгізілген негізгі нормаларға тоқталды. Соның бірі мектеп оқушыларының жәбір көруі.

"Мектеп жасөспірім үшін уақытының көп бөлігін өткізетін, өзін-өзі дамытатын, оқу мен тәжірибе жинау үшін мүмкіндіктер көзі саналатын орын және таныс, қауіпсіз орта. Десе де мектепте балалардың жәбір көруі, зорлық-зомбылыққа ұшырауы да сирек емес. Бұл балалардың денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, мектеп климатына да теріс әсер етеді. Сондықтан заң жобасында білім беру процесінде жәбірлеудің алдын алу тетіктерін реттеу көзделеді", - деді ол.

Айтуынша, заң жобасында мұғалімдер мен қызметкерлерді көмекке мұқтаж балаға уақытылы көмек көрсету жөніндегі әдіснамамен, сондай-ақ балаға жәбірлеудің белгілерін түсіндіретін және бір-біріне құрметпен қарауға баулитын бағдарламалармен қамтамасыз ету ұсынылады.

Зәкиева бұл түзету 3 миллионнан астам оқушының жағдайы мен өмірін жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Қазақстан қоғамы үшін тағы бір өзекті мәселе – балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид.

Депутат келтірген статистикаға сүйенсек, осы жылдың тек алты айында 105 бала суицидке барған, 193 бала өз-өзіне қол жұмсауға оқталды.

Бұл ретте бірқатар өңірде суицид көрсеткіші өскені байқалады. Зәкиеваның айтуынша, қорқынышты көрсеткіш Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында тіркеліп отыр.

"Осыған байланысты заң жобасында бұл мәселені шешу үшін орта білім ұйымдарында психологиялық қызметтердің жұмысын үйлестіру тетіктерін реттеу ұсынылады", - деді мәжілісвумен.

Сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқығын қорғауға қатысты да түзетулер қаралды. Тұрғын үйге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды уақытылы есепке алуды қамтамасыз ету үшін мұндай балаларды есепке қою мерзімін 6 айдан 3 айға дейін қысқарту көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалтуға арналған инфрақұрылым жетіспеушілігі де шешіледі. Ол үшін оңалту орталықтары көбейтілмек.




Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему