Вакцина алмағандарды тексеру басталады: алгоритм бекітілді
Курс валют в Актау
на 28/11/2021
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Ноября, 22:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Вакцина алмағандарды тексеру басталады: алгоритм бекітілді

8 Сентября 2021 (16:07) | 1181 | Автор: Редакция

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында вакцинациялау бойынша жүргізілетін рейдтердің алгоритмі мақұлданды.справке - Sputnik

Алгоритмді денсаулық сақтау министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы әзірледі. 

Вакцина салдырмаған қызметкерлер қалай анықталады

Енді мониторингтік топ рейд барысында кәсіпорын қызметкерлерінің COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алып-алмағанын тексереді.

Қызметкерлер саны 50 адамнан асатын және вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 60%-тен төмен кәсіпорындардың тізімі жобалық кеңсенің Вакцинация картасы негізінде жасалады.

Мониторигтік топ рейдін тіркеу тәртібі InfoKazakhstan электронды платформасында жүзеге асырылады.

Жұмыс беруші объектіге тексеріспен шыққан мониторингтік топ мүшелеріне екпе алған және вакцинадан босатылғаны туралы құжаты бар қызметкерлердің (7 күннен аспайтын ПТР-тесті, тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсетілімдер немесе 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдар) толық тізімін (аты-жөні, ЖСН) ұсынуы керек.

Тағы оқыңыз: Бүгіннен бастап Қазақстанда қандай өзгеріс күшіне енді

Мониторингтік топ (қызметкерлер саны 50-ден 200 адамға дейін –  қызметкерлердің кемінде 10%-і, 201-ден 500-ге дейін - кемінде 5%, 501-ден 1000-ға дейін - кемінде 3%, 1000-нан көп - кемінде 1%) "Ashyq" қосымшасы арқылы қызметкерлердің мәртебесін тексереді және жұмыс беруші ұсынған қызметкерлер тізімімен салыстырады.

"Егер статусы "жасыл" емес қызметкер анықталса, одан вакцинасыз жұмыс орнында болу құқығын беретін қағаз (анықтама) сұратылады (мерзімі 7 күннен аспайтын ПТР-тестілеу нәтижесі, тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсетілімі бар немесе 3 ай ішінде коронавируспен ауырып жазылып шыққан адамдар)", - делінген хабарламада.

Вакциналау тәртібінің бұзылғаны расталған жағдайда мониторингтік топ нақты осы тұлғаларды көрсете отырып, материалдар қалыптастырады және шешім қабылдау үшін СЭС органдарына жібереді. Кәсіпорынға (басшыға не өзге уәкілетті тұлғаға) вакциналанбаған жұмыскерлерді қызмет объектісіне жіберуді шектеу қажеттілігі түсіндіріледі.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мониторингтік топтардан келіп түскен материалдардың негізінде объектіге санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы қаулы жолдайды. Қаулыда белгіленген мерзім ішінде қызметкерлерді жұмыс орнына негізсіз жіберу фактілері қайта анықталса, жұмыс берушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады.

Объектіге әкімшілік шара қолданылған жағдайда жергілікті атқарушы органдар бұл нысанның "Ashyq" жобасына қатысуын тоқтата тұрады.



Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/society/20210908/18079858/vaktsina-tekseru-algoritm.html

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему