Биыл Маңғыстауда Құрбан шалу рәсімі екі форматта өтеді
Курс валют в Актау
на 23/09/2021
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
23 Сентября, 14:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Биыл Маңғыстауда Құрбан шалу рәсімі екі форматта өтеді

17 Июля 2021 (09:28) | 710 | Автор: Редакция

Биыл Маңғыстау облысында құрбан шалу рәсімі екі форматта өтеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов мәлім етті.

«Мереке 20-22 шілде аралығында өтеді. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Құрбан шалу рәсімдерін екі бағыт бойынша жүзеге асыруды ұсынып отырмыз. Бірінші – әкімдік тарапынан рұқсат етілген қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып оффлайн режимінде құрбан шалу. Екінші - «www.qurban-2021.kz сайты арқылы онлайн режимде құрбан шалу. 55Аудан, қала әкімдіктері тарапынан мереке қарсаңында мониторинг жұмыстарын жүргізу, құқық бұзушылықтарды болдырмау, санитарлық жағдайларды сақтау үшін түсіндіру жүргізу, ақпараттық қолдау көрсету жұмыстары бойынша облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасы берілді»55, - деді Мақсатбек Маханбетов.

Баспасөз конференциясына қатысқан Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталып өтті.

«Әкімдік тарапынан рұқсат етілген қасапханаларда мал союмен айналысатын қызметкерлерге тапсырма берілген. Арнайы алаңдар санитарлық ережелерге сай жабдықталуы тиіс. Барлық шараға полиция органдары мен жергілікті атқарушы билік мониторинг жүргізеді», - деді Ғазиз Надуев.

Баспасөз конференциясына Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов та қатысты. Оның айтуынша, айт намазы Маңғыстау облысы бойынша 20 шілде күні таңғы сағат 07:00-де мешіт аулаларында санитарлық талаптарды сақтай отырып оқылады.

«Айт намазына келушілер бетпердемен, үйден дәрет алып, өзімен бірге жайнамаз алып келулері қажет. Егде жастағы қарт кісілер, әйел адамдар мен балалар айт намазына келмегендері абзал. Сонымен қатар дене қызуы бар адамдар айт намазына келмегені дұрыс. Айта кетейік, 19 шілде күні - арафа күні. Бұл күнде мұсылман баласы ораза ұстағаны абзал», - деді облыстың бас имамы.


Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему