Бекі ауылының тұрғындары интернет желісімен қамтамасыз етілді
Курс валют в Актау
на 27/05/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
27 Мая, 08:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бекі ауылының тұрғындары интернет желісімен қамтамасыз етілді

25 Августа 2020 (11:11) | 2258 | Автор: Нурганым Имашева

Бекі ауылында интернет желісі іске қосылды. Жалпы құны 15 млн теңге болған интернет тарту жұмысын «Спецавтоматика» мекемесі жүргізді.

 

 

Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімі Тілек Көшмағанбетов мәлім етті. Оның айтуынша, тұрғын үйлерге интернет тарту жұмыстары бюджет есебінен тегін жүргізілді. Әр үйге интернет кіргізу үшін тұрғындардан төлем алынбайды. Сондай-ақ, осыған дейін аталған компания арқылы ауданның тағы бір ауылы-Жармышқа да интернет тартылған еді.

 

 

-Маңғыстау ауданында күре жолдың бойында болса да интернетсіз отырған бір ауылдың жәйін көпшілік көп қозғады. Облыс әкімінің халықпен кездесулерінде үнемі қозғалатын мәселені аймақ басшысы С.Трұмов бірден қолға алып, мәселенің оң шешілуіне мұрындық болды.

 

Бекі елді мекені 250-ден астам тұрғыны бар ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтуға арнаған «250 плюс» бағдарламасына енді. Жыл аяғына дейін Бекіге осы бағдарлама аясында «Tele2» операторының интернеті келеді деп күтіп отырмыз.

 

Сондай-ақ, «Kcell», «Аctiv» операторларын әкелу үшін кәсіпкермен келісім-шарт жасалды. Ал, ауылдағы әр үйге «Wi-Fi» орнату үшін «Спецавтоматика» компаниясымен келісім-шартқа отырдық, жұмыстары аяқталды. Бастап бірнеше үй мен ауыл мектебіне құрылды, ол үшін тұрғындар ешқандай төлем төлеуге міндеттелмейді. Өйткені біз үйге кіргізіп беру ақысын да бюджеттен қарастырдық.

 

Осы мәселенің шешілуіне облыс әкімі тікелей қатысты. Үнемі өз бақылауына алып, қаржысы уақытылы бөлінуіне дейін ықпал етті. Ол үшін аудан, ауыл тұрғындары атынан алғыс айтамын,-деді аудан әкімі Тілек Көшмағанбетов.

 

Маңғыстау ауданы облыс бойынша елдімекен саны ең көп аудан. Бүгінде ауданға қарасты барлық ауылда интернет болғанымен, жылдамдығы аз ауылдар мен «Wi-Fi» орнатуды қажет ететін ауылдар бар. Сондықтан биыл ауылдардағы интернет жылдамдығын арттыру, әр үйге интернет орнату бағытында біршама қызмет қолға алынды.

 

Атап айтсақ, бірер күн бұрын Отпан ауылдық округіне қарасты 15-бекет елді мекеніне «Транстелеком» мекемесі арқылы интернет тартылды. Бекеттегі 15 үй толықтай интернет желісіне қосылды. Ал, Тұщыбек ауылына интернет жүргізуге «Техцентр-мастер» ЖШС-мен келіссөздер жүріп, қаржы бөлінуін күтіп отыр. Қаржы бөлінген күні жұмыс басталатын болады.

 

Сондай-ақ, Бозашының төрт ауылы-Ақшымырау, Қызан, Тұщықұдық, Шебір ауылдарында «Beeline» операторының жылдамдығы 4G-ге көтерілді. Сондай-ақ, осы төрт ауылға талшықты оптикалық байланыс желісін тарту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Мердігер-«Ком-Сервис» ЖШС. Құны – 340,391 млн.теңге.

 

Жармышқа «Beeline» арқылы 4G қолжетімді болса, Ұштағанға да «Activ» операторы арқылы 4G орнату жұмыстары алдағы уақытта басталады. Жыңғылды мен Шайыр және Тұщықұдық пен Онды ауылдарына «Транстелеком» мекемесінің талшықты кабелі тартылды.

 

Шайырға «Beeline» операторы 4G орнату жұмыстарын бастауға дайын, құжаттары толық рәсімделді. Ал, Шайыр мен Жыңғылдыға талшықты байланыс жүйесін тартудың жобалық сметалық құжаты дайындалды. Боздақ елді мекеніне де «Транстелекомның» интернеті қосылып, үйлерге «Wi-Fi» орнатылды.

 

Ал, Шетпенің интернетпен қамтылмаған шағын аудандарын интернетпен қамту үшін «Қазақтелеком» АҚ жұмыс ұйымдастыруда. Ал, тұрғындар тарапынан интернетке шұғыл сұраныс болған жағдайда «Спецавтоматика» компаниясы «Wi-Fi» орнатуға және интернетпен бірге радио толқынын қосып беруге дайын. Ол үшін тұрғындардан сұраныс болуы керек.

 

Сондай-ақ, Маната асуын мобильдік байланыспен қамту үшін антенналық-діңгек орнату жұмысы қыркүйек айында аяқталады. Жоба құны – 63,064 млн.теңге.

 

Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттер баспасөз қызметінен

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему