«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» Баянды ауылындағы жол сапасының қорытындысын жариялады
Курс валют в Актау
на 09/12/2021
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
9 Декабря, 02:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» Баянды ауылындағы жол сапасының қорытындысын жариялады

16 Июля 2020 (13:52) | 1958 | Автор: Нурганым Имашева

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысы Баянды ауылындағы сапасыз салынған жолдың құрылысына байланысты, «Жол активтері ұлттық сапа орталығының инженерлері барып, тексеру жүргізген болатын.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

 

-Көтерілген мәселелер бойынша мынадай кемшіліктер анықталды. Сметалық құжат дұрыс және толық жасалынбаған, 6 көшеге ортақ бір ғана құжат әзірленген. Сондай-ақ, ақаулық тізімдемесінде геометриялық сипаттамалары, яғни көше ұзындығы, төсемнің құрылымдық қабаттарының ені және қалыңдығы да көрсетілмеген.

 

 

Зауыттан шыққан асфальт-бетон қоспасы нормативтік талаптарға сай болғанымен, мердігер мекеме төсеу кезінде қателіктер жіберген. Сонымен қатар, қарастырылған құжатта негізді өңдеуге арналған битумның шығыны нормадан екі есеге аз көрсетілгендіктен, асфальт төсемі мен астыңғы қабаты бір-бірімен дұрыс қабыспауына әкеліп соқты.

 

Техникалық құжаттар сараптамасының және техникалық қадағалаудың болмауы, осындай ақаулықтардың орын алуына әсер етіп отыр. Мұның бәрі мамандардың кәсіби деңгейінің төмендігін көрсетеді,- делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Суреттер баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему