Ақтауда 27 басқарушы компания қалаішілік дезинфекциялық жұмыстарын жүргізуде
Курс валют в Актау
на 21/05/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
21 Мая, 02:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда 27 басқарушы компания қалаішілік дезинфекциялық жұмыстарын жүргізуде

11 Апреля 2020 (19:08) | 1232 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қалалық тұрғын-үй инспекциясы мемлекеттік мекемесінің басшысы Өмірзақова Гүлжан Бексатқызы мәлім етті.

 

 

-COVID -19 індетінің таралуына жол бермеу мақсатында, қала әкімінің басшылығымен тиісті органдардың мүшелерімен жұмыс тобы құрылып, штаб отырыстары өткізіліп, барлық қажетті іс-шаралар ұйымдастырылып, жолға қойылды.

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдаланатын орындарын (лифттер, подъезде орналасқан терезе, есік тұтқалары, қабырғалары, домофон, сүйеніштерді) дезнифекциялау жұмыстары басқарушы органдарының  қызметкерлерінің және тұрғындардың күшімен жүргізілуде.

-Атап айтқанда 27 Басқарушы компания өздерінің арнайы дезинфекциялық жабдықтарымен тұрғын үйлерде дезнифекциялау жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, аталған компаниялар өз жабдықтарын басқа қызмет көрсетушілерге беру арқылы, кесте бойынша іс-шаралар тұрақты жасасуға көмектеседі. Әкімдік тарапынан, тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде шара қабылданып, орындалу барысы қадағалануда-, деді Ақтау қалалық тұрғын-үй инспекциясы мемлекеттік мекемесінің басшысы Гүлжан Өмірзақова

 

 

Оның айтуынша, «Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен 1 сәуірден бастап Ақтау қаласындағы барлық шағын аудандардын  ішілік аумақтарын, тұрғын үйлердің айналасын дезинфекциялау бойынша жоспар жасақталып, жұмыстары күнделікті жүргізілуде. 

 

Қазіргі уақытта, 1-ші және 17-ші шағын аудандардын аралығына дейінгі барлық аудандар, жаяу жүру жолдары, аялдамалар, үй аулалары мен орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар және спорт ойын алаңдарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, іс-шаралар жалғасуда. 

 

Сонымен қатар, Әскери қызметшілерінен жасақталған жұмыс тобымен, 25-ші наурыздан бері қала бойынша халық көп шоғырланатын орындарды залалсыздандыру жұмыстары іске асырылуда.

 

 

Атап айтатын болсақ:

 

- 2 ш/а орналасқан «Ақтау» қонақ үйінен бастап «Мәңгілік алауға»  дейін, «Ыңтымақ» алаңы, 14А,15А ш/а теңіз жағалауы;

- «Ақтау» ойын-сауық кешенінің аумағынан бастап «Аман» сауда орталығына дейін;

- 26 ш/а емхана және 28 ш/а автовокзал аумағы;

- 26 ш/а облыстық мешіттің автотұрағы мен аумағы;

- «Достық» с/о, 1 ш/а орналасқан емханалар қалашығы;

- Мұнайлы ауданындағы темір жол вокзалы;

- Қалалық және облыстық әкімдіктердің аумақтары;

- «Мағаш», «Масат», «Ақ базар», 27 ш/а «Жасыл базар» мен 28А ш/а сату орындары;

- «Захаров» саябағына, «Мәңгілік алау» монументінен 15 ш/а орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына дейінгі аралықтарын залалсыз дандыру жұмыстары жүргізілді».

 

 

-30 және 31 наурыз күндері қала әкімдігінің коммуналдық қызметтерімен 7 арнайы техника жұмылдырылып, қала аумағындағы барлық орталық көшелер және теңіз жағалауын дезинфекциялау жұмыстары атқарылды.

Ақтауда 4 сәуірде 11 ш/а 10 үй мекен-жайында КВИ жұқтырған екі адамның және 6 сәуірде 14 ш/а 38 үй мекен-жайы бойынша анықталған тағы екі адамның тұратын тұрғын үйлер толықтай арнайы ұйымдармен дереу дезинфекцияланды. Тұрғын үйдің 500 метр қашықтыққа дейін орналасқан барлық нысандар дезинфекцияланды. Карантин режимінің талабына сәйкес, науқас анықталған подъезд тұрғындары оқшаланды. Карантинге енгізілген подъезд тұрғындарына санитарлық мамандар барлық ережелерді түсіндірді. Қазіргі таңда аталған объектілерде полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етуде.

Карантиннің уақытына жабылған подъездердің тұрғындары бірінші қажеттілік және басқа да тауарлармен тұрақты қамтамасыз етілуде. Сол дәліздердің қасында басқарушы органдарымен бөлек қоқыс жәшіктері де  тазаланып тұрады. Ұйымдастыру шараларын қалалық әкімдіктің қызметкерлері үйлестіреді,- деп атап өтті Ақтау қалалық тұрғын-үй инспекциясы мемлекеттік мекемесінің басшысы Гүлжан Өмірзақова.

 

Суреттер қоғамдық коммуникация орталығынан және Ақтау қалалық әкімдігі сайтынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему