Маңғыстаулықтар мемлекеттік қызметтерді тек  онлайн алатын болды
Курс валют в Актау
на 20/09/2021
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
20 Сентября, 22:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулықтар мемлекеттік қызметтерді тек онлайн алатын болды

30 Марта 2020 (11:53) | 876 | Автор: Нурганым Имашева

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау шараларын күшейту мақсатында 26 наурыздан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) мемлекеттік қызметтерді қашықтан көрсетуге көшті.

 

 

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коропорациясының МО бойынша директоры Байжігіт Ербол Бердібайұлы айтты

 

-Қазақстандықтарға бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты арқылы алуға болады.

 

 

ХҚО -ның ең тәжірибелі деген және арнайы оқудан өткен 1800-ден астам қызметкері 1414 байланыс орталығының кеңес берушілерімен бірге азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу бойынша көмек көрсететін болады.

 

Бір уақытта байланыс орталығының мамандары мыңнан астам азаматқа кеңес бере алады деп жоспарлануда. Байланыс орталықтары дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін,-деп мәлімдеді Ербол Бердібайұлы.

 

Директордың айтуынша, «Бұдан бөлек, Азаматтарға арналған үкіметтің 200-ден астам қызметкері бейнеқоңырау арқылы қызмет алушыларды мобильді азаматтар базасында тіркейтін болады.

 

Бұл ретте, 21 наурызға дейін өтініш беріп үлгерген азаматтар қызметтердің дайын нәтижесін өзі өтініш берген ХҚО-ның құжат беру секторынан алып кете алады. Автомобильді қайта тіркеген немесе жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстырған автокөлік иелері дайын құжаттар мен нөмірлерді өз қалаларындағы мамандандырылған ХҚО-дан ала алады, онда да дайын құжаттарды беру терезесі жұмыс істейтін болады».

 

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін.

 

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарға барлық санитарлық талаптарды орындап, үйден шықпауға кеңес береді және керекті мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырады.

 

Жақындарыңыз бен өзіңізді қорғаңыз!

Фотоны түсірген қоғамдық коммуникация орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему