Ақтауда шенеуніктер, полицейлер және еріктілер үйсіз жүргендерге ыстық тамақ үлестірді
Курс валют в Актау
на 21/05/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
21 Мая, 02:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда шенеуніктер, полицейлер және еріктілер үйсіз жүргендерге ыстық тамақ үлестірді

27 Января 2020 (15:20) | 1782 | Автор: Нурганым Имашева

Иманғазы Досмұхамедов жетекшілік ететін "Біз адамдар - біз біргеміз" қоғамдық қоры қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсетуді жалғастыруда. Сенбі күні Ақтау қаласындағы тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарға ыстық тамақ үлестірілді.

 

 

Бұл шара жергілікті атқарушы органдар, облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі және еріктілер тарапынан қолдау тапты. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Гүлжазира Алдашеваның айтуынша, тағдыр тәлкегіне түскен жандарға паналайтын орындар тауып беріп, құжаттарын реттестіріп, олардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасалады.

 

Бұл ретте жоғарыда аталған қайырымдылық қорының директоры Иманғазы Досмұхамедовке шаһардағы 1 ш/а орналасқан ғимараттың бірі берілген. Болашақта мұнда әлеуметтік бейімдеу орталығы өз жұмысын бастайды. Ғимарат бөлініп дайын тұр.

 

 

Онда денсаулығы сыр беріп, мүгедектік рәсімдегісі келген жандардың құжаттарын жинақтап беру, сонымен қатар зейнеткерлікке шыққандарға зейнетақысын алып беруге көмектесу көзделген. Еңбекке жарамдылар болса оларды тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесі де қолға алынбақ. Әлеуметтік бейімдеу орталығына алдымен күрделі жөндеу жүргізіліп, қажетті көлік және жиһазбен қамтамасыз етілетін болады. Психолог мамандарды тарту жоспарда бар.

 

-Жалпы бұл адамдардың тағдыры әрқилы. Олар біздің қоғамның мүшесі. Ал қиналған жандарға қол ұшын созу баршамызға парыз деп білгеніміз дұрыс. КР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалрлығымен биыл Еріктілер жылы болып жарияланды. Бүгінгі шараға еріктілердің қатысып отырғандығы қуантады. Мұндай сауап істер жасау жастарды мейірімділікке, әр нәрсеге жанашырлық танытуға тәрбиелейтіні сөзсіз, - дейді қала әкімінің орынбасары.

 

 

Бүгінгі шараға белсенді қатысқан облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Нұржан Махмутовтың сөзінше, полицейлер әрдайым қайырымдылық шаралардың басы-қасында жүруге дайын.

 

Әсіресе аязды күні көше кезіп, тоңып жүргендерге қайырмдылық көрсету шарасына тәртіп сақшылары да тартылады. Сонымен қатар, құжаттарын реттегісі келетіндерге міндетті түрде көмек көрсетіледі.

 

 

Ал үйсіз жүрген жандар бұдан былай әр аптаның сенбісінде күндізгі сағат 12:00-де Ақтау қаласы 1 ш/а орналасқан ескі ғимарат жанындағы тегін ыстық тамақ, шәй, салат және тәттілермен қамтылатын болады.

 

Суреттерді түсірген Нұрбол Оқуов

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему