Жаңа  жыл  мерекесін  қауіпсіз қарсы алайық
Курс валют в Актау
на 18/08/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Августа, 22:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңа жыл мерекесін қауіпсіз қарсы алайық

20 Декабря 2019 (14:16) | 2484 | Автор: Нурганым Имашева

Құрметті қала тұрғындары  жыл сайын өзіміз асыға күтетін жаңа жыл да таяп қалды. Осы мерекені  тойлау кезінде Қытайдан және тағы басқа шетелден  әкелінген, сертификаты жоқ  пиротехникалық жарылғыш, жанғыш заттардың заңсыз сатылып, адам көп жиналатын орындарда балалардың кез-келген жерде бей-берекет атып ойнауы салдарынан өрт оқиғаларына, тағы да басқа қайғылы жағдайларға  жол беріліп, сонымен бірге адамдардың күйік жарақатын  алу фактілері кездесіп жатады.

 

 

Осындай қайғылы жағдайларды болдырмас үшін Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар баскармасының қызметкерлері сауда орындары мен базарларға рейдтер ұйымдастырады. Сондықтан сертификатсыз, лицензиясыз пиротехникалық жарылғыш заттар мен фейерверктерді сатқан кәсіпкерлерге және ереже талаптарын сақтамаған азаматтарға Қазақстан Республикасының тиісті заң талаптарына сәйкес әкімшілік шара қолданылатынын ескертеді. Жоғарыда көрсетілген жағдайларды болдырмас үшін әрбір азамат, кәсіпкерлер, мектеп қызметкерлері тарапынан балаларға бақылау жасап, қадағалап отыру - баршамыздың қауіпсіздігіміз және міндетіміз деп түсінейік.      

 

Жаңа жыл мерекесі-балалар үшін де, ересек адамдар үшін де үлкен мереке. Бұл мейрамның көңілді болып өтуіне, көңілге кірбің түспеу үшін барлық сақтық шараларын қарастырып, іске асырған жөн.

 

 

«От жақсы қызметші, бірақ жаман қожайын»-деген мақалды естен шығармай, отты жақсы қызмет ететіндей етіп пайдаланып, оның бізге қожалық  етуіне жол бермеуіміз керек. Орыс халқының мынадай бір мақалы бар «Үйге ұры келсе, бір зат алар, ал өрт келсе, бәрін жалмар»-деген. Сондықтан,  Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар баскармасы төмендегі өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін естеріңізге салады:

 

-мереке өтетін орындардың барлығын алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету;

 

-шырша өтетін ғимараттың эвакуациялық қосымша есіктерін ашып қою;

 

-әрбір мекемеде өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында  кезекшіліктер ұйымдастыру;

 

-ерікті өрт жасағы үнемі дайын болуы және өрт сөндіргіштерді жарамды күйде сақтауы тиіс;

 

-шыршаны бөлменің қақ ортасына орналастыру керек және шырша мен бөлме  төбесінің арақашықтығы 1 метрден кем болмауы керек;

 

-шырша орнатқанда оған келетін электр желісіндегі  кернеу 12 В аспауы керек;

 

-электр желілері қызатын болса немесе басқа да ақаулары кездессе, оны тоқ көзінен ажырату керек;

 

-шыршаны мақтамен көмкеруге жол берілмесін;

 

-өрт қауіпсіздігін насихаттайтын үнпарақтарды көрнекті жерлерге ілу;

 

-лампочкаларды жанғыш заттармен көлегейлеп, күңгірттеуге жол берілмесін.

 

 Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, Жаңа жыл мерекесі кезінде өз-өзімізге ұқыпты болайық ағайын.

 

 

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Абдираш Нұрсұлтан Аскарұлы

               

Суреттер  автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему