ҚР еңбек заңнамасының бойынша сұрақтар - жеке еңбекдаулары
Курс валют в Актау
на 21/05/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
21 Мая, 02:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

ҚР еңбек заңнамасының бойынша сұрақтар - жеке еңбекдаулары

20 Ноября 2019 (15:48) | 2134 | Автор: Редакция

Қызметкер менжұмыс берушіара сындатуындайтынең бекқатынастарын жүзеге асырукезінде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, еңбек және ұжымдық шарттар және жұмыс берушінің актілер бойыншақұқықтары мен міндеттері туындайды.

 

 

Бұл еңбекті ұйымдастыру және басқару, жұмысқа орналастыру, кәсіби даярлау, қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру, әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу, Еңбек Кодексінде көзделген жағдайларда еңбек жағдайларын белгілеуге қызметкерлердің (қызметкерлер өкілдерінің) қатысуы, еңбек дауларын шешу және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау бойынша қалыптасқан қатынастар.

 

Өкінішке орай, тараптардың құқықтары мен міндеттерін іске асыру кезінде, жиі еңбек дауы туындайды. Әдетте, біздің қоғамдық бірлестіктің тәжірибесін негізге ала отырып, қызметкер туындаған еңбек дауын шешу үшін қайда жүгінуге болатынын білмейді.

 

Еңбек дауы –бұл Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын орындау немесе келісімдердің, еңбек және ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің қолдану мәселелері бойынша қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушіліктер.

 

Келіспеушіліктер жеке немесе ұжымдық болады. Егер еңбек ұжымының бір мүшесі еңбек шартының қандай да бір талаптарымен келіспесе жеке деп табылады.

 

Бұл баптың мақсаты-жеке еңбек дауларын шешу тәртібін қарау.

 

Алдымен бұл дауларды қызметкер жұмыс істейтін еңбек ұжымының келісу комиссиясы қарайды. Егер дауды келісім комиссиясы реттемесе немесе келісім комиссиясының шешімі орындалмаса, онда шағын кәсіпкерлік субъектісі мен заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын қоспағанда, қызметкер сотқа жүгінуге құқылы.

 

Бұл комиссия не үшін? Бұл комиссия кәсіпорында немесе ұйымда тепе-тең негізде құрылады, тұрақты жұмыс істейді, еңбек ұжымының жалпы жиналысында жұмыс беруші өкілдері мен қызметкерлердің тең санынан құрылады. Келісім комиссиясының өкілеттіктері,сандық құрамы, шешім қабылдаудың мазмұны мен тәртібі, оның өкілеттік мерзімі, делдалды тарту туралы мәселе жұмыс беруші мен қызметкердің өкілі арасындағы жазбаша келісімде не ұжымдық шартта белгіленеді.

 

Жеке дауларды келісім комиссиясы қызметкердің кәсіподаққа мүшелігіне қарамастан, штаттық, уақытша, қоса атқарушы болып табылатындығына қарамастан қарауы мүмкін.

 

Келісім комиссиясына келіп түскен өтінішті хатшы осы комиссия берген күні міндетті түрде тіркеуге тиіс. Қызметкерге өзінің өтінішінің қабылданғаны туралы белгісі бар өзінің өтінішінің екінші данасының болуы қажет.

 

Егер келісім комиссиясы құрылмаған болса, қызметкер өтінішті кәсіпорынның немесе ұйымның кеңсесінде қалдыруға, не оны еңбек шартында көрсетілген мекенжай бойынша хабардар ете отырып, почта арқылы жіберуге құқылы, ал жұмыс беруші мұндай комиссияны құру үшін шаралар қолдануға тиіс.

 

Дау өтініш берушінің немесе ол уәкілеттік берген өкілдің қатысуымен Нотариаттық сенімхатқа сәйкес өзіне берілген өкілеттіктер шегінде қаралуға тиіс.

 

Келісу комиссиясы дауды өтініш тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға және дау тараптарына шешім қабылданған күннен бастап үш күн мерзімде шешімнің көшірмесін беруге міндетті. Жұмысқа қайта алу туралы дауды қоспағанда, келісу комиссиясының шешімі ол белгілеген мерзімде орындалуға тиіс.

 

Егер келісу комиссиясының шешімі белгіленген мерзімде орындалмаса, қызметкер немесе жұмыс беруші сотқа жүгінуге құқылы.

 

ҚР еңбек Кодексінде келісім комиссиясына немесе сотқа жүгіну үшін мерзімдердер қарастырылған. Осы мерзімдер не үшін қажет? Олар даудың сипатына байланысты ерекшеленеді.

 

Жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша – жұмыс берушінің еңбек келісімшартты тоқтату туралы акті келісім комиссиясына берген күннен бастап бір ай. Егер сотқа жүгіну үшін – келісу комиссияның шешімінің көшірмесі тапсырылған соң екі ай, реттелмеген даулар бойынша немесе еңбек келісімшарттың тарабы келісу комиссияның шешуін орындалмаса.

 

Басқа еңбек даулары бойынша – қызметкер немесе жұмыс беруші құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс күнінен бастап бір жыл.

 

Жеке еңбек дауларын қарау бойынша жүгіну мерзімі қаралған еңбек дауы бойынша медиация туралы келісім шарты кезініңде тоқтатылады, соңдай-ақ келісім комиссиясы болмаған кезде.

 

Бұрыңғы жұмысында қалпына келген қызметкерге жұмысында мәжбүрлі болмаған уақытқа орташа жалақы төленеді. Немесе жұмыстан заңсыз басқа ауыстыру себебінен болған кезде төлем ақының айырмашылығы төленеді. Бірақ екі кездеде алты айдан артық емес.

 

Келісу комиссиясының шешімі не соттың жеке еңбек дауын қарау туралы қызметкерді бұрынғы жұмысында қалпына келтіру дереу орындалуға жатады. Жұмыс беруші жұмысқа қайта алу туралы шешімнің орындалуын кідірткен кезде келісу комиссиясы не сот шешімнің орындалуын кідірту уақыты үшін қызметкерге орташа жалақы немесе жалақыдағы айырманы төлеу туралы шешім шығарады.

 

Келісім комиссияның талаптары келісу комиссияның мүшелеріне ҚР еңбек заңнамасы негіздеріне, келіссөздер жүргізу дамыту және еңбек даулары бойынша ымыраға келуге жыл сайын оқытуды жүргізу міндетті.

 

Егер жеке еңбек дауларын қарау тәртібі келісу комиссиясының тек еңбек заңнамасының негіздері бойынша реттелсе, осы еңбек даулары сотта ҚР Азаматтық іс Жүргізу Кодексі бойынша қаралады.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен "Маңғыстау облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізу" тақырыбы бойынша коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы"ныңәлеуметтік жобасы бойынша "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы"ҚБ дайындалды.

 

Автордың суреті autoexpertnost.ru

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему