Жылу маусымына дайынбыз
Курс валют в Актау
на 24/01/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
24 Января, 22:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жылу маусымына дайынбыз

12 Ноября 2019 (17:33) | 1335 | Автор: Редакция

Жаздың ыстық, жанға жәйлі шуақты күндерін суық, жаңбырлы, сұрғылт күз келіп алмастырды. Ауа-райы алдағы қатал қысқа да дайындалатын кез келгенін еске салғандай.

 

 

Биылғы жылы Ақтау қаласында жылу беру бұрынғыдан сәл ертелеу, қазан айының 8-і мен 10-ы және 15-і мен 19-ы аралығында екі кезеңде жүзеге асырылды. Осыдан кейін қалаішілік жылу жүйелерін жөндеу жұмыстарын түпкілікті аяқтау шаралары жүзеге асырылды. Егер жылу беру жұмыстары басталғаннан кейін де кей пәтерлердегі батареялар толық қызу бермей тұрса, бұл мәселе қаланың орталықтандырылған жылыту жүйесін іске қосып, жылумен қамтитын ұйымдар мен кәсіпорындар арқылы аз уақытта өз шешімін табуы тиіс. Өйткені, жауапты ұйымдар жаз бойы қысқа дайындық жұмыстарын жүргізіп, жаңа маусымға дайын болды.

 

Қысқа дайындық «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де биыл да жауапкершілікпен, тыңғылықты атқарылды. Жыл сайын жылу беру маусымы аяқталған соң кәсіпорын кезекті күзгі-қысқы кезеңге белсенді дайындыққа кіріседі. Биыл да энергетикалық комбинат «КЖСА» МКК-мен бірлесе отырып, жылу жүйесінің әлсіз тұстарын анықтау мақсатында мамыр айында Ақтау қаласындағы барлық магистральды және таратушы жылу желілерінің құбырларына гидравликалық сынақ жүргізді.

 

Жылу беру маусымдары аралығында кәсіпорын екі бу қазандығын және екі турбинаны, бір энергоблокты, алты бойлер және бес дистилляциялық тұщыту қондырғыларын күрделі жөндеуден өткізді. Сондай-ақ жазда 1060 метр диаметрі 1000 мм-лік жылу құбыры және диаметрі 800 миллиметрлік 653 метр минералдандырылған судың магистральды су құбыры ауыстырылды. Жалпы өндірістік кешеннің дұрыс жұмыс жасау мүмкіндігін арттыру мақсатына 5,8 миллиард теңге көлемінде қаржы жұмсалды.

 

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ұжымының жұмысшы қызметкерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасында жоспарланған барлық іс-шаралар уақытында аяқталды және белгіленген мерзімде 2019-2020 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайын болғаны жөніндегі паспорт алынды. Бұл келіп жеткен күзгі-қысқы жылыту маусымында кәсіпорын тұтынушыларын электр және жылу энергиясымен тұрақты және сенімді қамтамасыз етуге толық дайын деуге негіз болады.

 

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему