Облыс аумағында Көкшетау техникалық институтына үміткерлерді жинау жалғасуда
Курс валют в Актау
на 27/11/2021
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Ноября, 12:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыс аумағында Көкшетау техникалық институтына үміткерлерді жинау жалғасуда

8 Февраля 2019 (12:26) | 2186 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері қазіргі таңда ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына үміткерлерді жинау мақсатында үгіт насихат жұмыстарын жүргізуде.

 

 

Өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы жай ғана мамандық емес! Өрт сөндіру мамандығын игеру үшін адамдарға жылдам шешім қабылдау, күшті, жауапкершілікті, қатаң мінезді, еркін, жылдам іс-әрекет жасау қабілетіне ие болу қажет.

 

Қазіргі таңда мектеп қабырғасында оқып жатқан оқушыларға дұрыс мамандық таңдауда азаматтық қорғау қызметкерлері көмектесуде.

 

Сонымен қатар №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің басшылығы Жаңаөзен қаласындағы №1, №6 орта мектептің 10-11 сынып оқушыларына арнап ашық есік күнін ұйымдастырды.

 

 

Оқушыларға Көкшетау Техникалық Инстутына құжат тапсыру ережелерін және абитуриенттерге қойлатын негізгі талаптар, сонымен қатар казармадағы өмір жайлы, оқу орнындағы заманауи технологиялар таныстырылды, сонымен қатар өрт сөндірушілердің жауынгерлік кезекшіліктегі бір күндік тұрмыс тіршілігі туралы айтылды.

 

Өрт сөндіру техникалары мен өрт техникалық құрал-жарақтар көрсетілді.

 

Жоғары сынып оқушылары өрт сөндірушілермен сұхбаттасты, Көкшетау Техникалық Институтының оқыту жүйесіне жоғары қызығушылық танытты.

 

Барлық қатысушыларға өрт сөндірушулер тарапынан ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық Институтына түсу ережелері бар жадынама таратылды.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

 

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему