«Yessenov University»-де «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі және «Адалдық дүкені» ашылды
Курс валют в Актау
на 29/06/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
29 Июня, 05:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Yessenov University»-де «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі және «Адалдық дүкені» ашылды

12 Декабря 2018 (14:34) | 2930 | Автор: Нурганым Имашева

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов, университет ректоры Берік Ахметов, мемлекеттік қызметшілер, оқытушылар мен студенттер қатысты. «Sanaly urpaq» - білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің қысқаруына, болашақ ұрпақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-өрісті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған жоба. 

 

 

Айта кету керек, бұған дейін Алматы қаласында үстіміздегі жылдың  сәуірінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен біріге отырып «Sanaly urpaq» жобасы ашылған болатын. Енді бұл жоба еліміздің өзге де аймақтарында жалғасын тауып келеді деген Саян Қылышұлы, университет әкімшілігін, профессорлық-оқытушылық құрамын және студент жастарды жобалық кеңсе жұмысына барынша қолдау көрсетуге, Елбасымыздың алға қойған басымдықтарын жүзеге асыру шеңберінде бір жұдырықтай жұмылуға шақырды.

 

Сонымен қатар, жоғарғы оқу орнында «Адалдық дүкені» салтанатты түрде ашылды.

 

 

 -«Адалдық дүкені» жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылған. Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады. Мұндай дүкендерді енгізу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған.

 

Аталмыш жоба қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құрады және студент жастарға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беретініне сенім мол. Ашылу салтанатына қатысқан студенттер мұндай дүкеннің ашылуына таңданыстарын жеткізіп, жастарға білдірілген сенім үшін агенттіктің аумақтық департаменті және университет ұжымына ризашылықтарын жеткізді,-деп мәлімдейді осы ақжолтай жаңалықпен бөліскен Департаменттің баспасөз қызметі.

 

 

Суреттерді түсірген агенттіктің аумақтық департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему