Маңғыстаулық тәртіп сақшыларының тарапынан жіберілген заң бұзушылықтар талқыланды
Курс валют в Актау
на 18/08/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Августа, 21:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық тәртіп сақшыларының тарапынан жіберілген заң бұзушылықтар талқыланды

9 Декабря 2018 (12:27) | 1852 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда Маңғыстау облысы Полиция департаменті (ПД) жанындағы Консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде жыл басынан бері Маңғыстау облысы ПД қызметкерлері тарапынан жіберілген тәртіп пен заң бұзушылықтар және оларды болдырмау, алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы фактілері талқыланды. Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Жиын төрағасы Нағашыбай Жариев кеңеске қатысушаларды күн тәртібімен таныстырды. Сондай-ақ, ПД жанындағы кезекті Консультативтік–кеңесші органының кезекті отырысын ашық деп жариялады.

 

Сөзді алғашқы болып ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Жұмағали Бөкен алды. Ол өз кезегінде Консультативтік–кеңесші орган мүшелерін, ҚР ІІМ-нің жарлығымен Ішкі істер департаменті Полиция департаменті болып аталғанын, Елбасының халыққа жолдауындағы полиция қызметкерлерінің келесі жылдан бастап кезектен тыс аттестациядан өтетіндерін және олардың республика бойынша 10 пайызға қысқартылатынын жеткізді.

 

Алғашқы мәселе бойынша Маңғыстау облысының ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары полиция капитаны Дәурен Сартаев баяндады. Ол өз баяндамасында, ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен атқарылған және атқарылып жатырған іс-шаралары жайында баяндап, ағымдағы жылдың 10 айында ӨҚБ-мен 119 жедел-профилактикалық шаралар өткізілген.

 

Қазіргі таңда ПД ӨҚБ-мен полиция қызметкерлері тарапынан заң бұзушылық фактілерін болдырмау мақсатында күнделікті жұмыстар жүргізіліп жатқанын, осыған байланысты қала, аудандық полиция органдарында полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты арыз-шағымдар түсіретін арнайы жәшіктер орнатылғанын, бейне камералар мен сенім телефоны жұмыс жасайтыны жөнінде айтып өтті.

 

Баяндаушы, кеңес мүшелерінің қойған сұрақтарына жауап беріп, кейбір сұрақтар ортақ талқыға салынды.

 

 

Заң бұзушылық фактілерін жеке құрам арасында болдырмау мақсатында Консультативті кеңесші орган мүшелері ұсыныстар берді.

 

БАҚ пен интернет-ресурстарына Маңғыстау облысының ПД ЖПП қызметкерлерінің әртүрлі себептермен шығып, жиі сын-көзге ілігу фактілері бойынша ПД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция майоры А.Ибатуллаева баяндады.

 

Жыл басынан бері Маңғыстау облысы ПД қызметкерлерінің интернет-ресурстарына сыни көзқарастағы 34 фактісі жария болып, қызметтік тергеу жүргізу барысында оның 18-і өз дәлелдерін тапқандарын айтты. Сондай-ақ, қызметкерлердің теріс қылықтары үшін олар әртүрлі қатаң тәрітіптік жазаға тартылғандарын және әкімшілік хаттамалар толтырылғандарын жеткізді.

 

Кеңес мүшелері аталған полиция қызметкерлерін тыңдап, олардың өздерін жүргізушулермен қалай ұстау, қалай сөйлесу қажеттігі, Әдеп нормалары мен Ар Намыс Кодекстері жөнінде ақыл-кеңестер айтылып, ҚР Заңнамаларын оқып білу қажеттігін жеткізді.

 

 

Кеңес мүшелері аталған сұрақты талқылай келе, жоғарыда көрсетілген қызметкерлер бойынша жан-жақты обективті тексеру жүргізіп, қорытынды заңды шешім қабылдауды және әдістемелік нұсқамалар жүргізуді ұсынды.

 

Сонымен қатар, Консультативтік-кеңесші органының төрағасының орынбасары ретінде ҚР «Интертич» Медицина орталығының Маңғыстау филиалы бас директорының орынбасары Төралиев Сағыныш Көшербайұлын сайлау ұсынысын Кеңес мүшелері бір ауыздан қолдады.

 

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, қатысушылардың пікірлерін сараптай келе, Маңғыстау облысының ПД қызметкерлері тарапынан тәртіп, заң бұзушылық фактілерін болдырмау мақсатында арнайы даярлық сабақтарын жүргізіп, ПБ, ҚАІІО қызметкерлерінің басшыларына қарамағындағы қызметкерлерге бақылауды күшейту қажеттігін жеткізіп, полиция қызметкерлерін негізсіз бейне камераға түсіру фактілерін зерделеп, шұғыл шешім қабылдауды шешті.

 

Сондай-ақ, Кеңес төрағасы Нағашыбай Жариев Маңғыстау облысы ПД жанындағы Консультативтік-кеңесші органы төрағасының орынбасары етіп Төралиев Сағыныш Көшербайұлын тағайындады.

 

Суреттерді ұсынған облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему