Дайындықтарын пысықтады
Курс валют в Актау
на 27/11/2021
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Ноября, 14:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Дайындықтарын пысықтады

30 Апреля 2018 (17:26) | 1779 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласының өрт сөндірушілері Ақтау қаласында орналасқан «Астана» ойын-сауық орталығында өрттің алдын алу және адамдарды құтқару іс-қимылдарын пысықтады. Өрт-тактикалық оқу жаттығуы Маңғыстау облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметімен ұйымдастырылды және өткізілді.

 

 

Өрт тактикалық оқу жаттығуы өрт сөндірушілердің кәсіби дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді. Қаншалықты адамдарды құтқару және өртті сөндіру сауатты түрде өтсе, соншалықты адам өмірінің қауіпсіздігін сақтау мүмкіндігі болатыны анық.

 

Адам көп шоғырланатын объектілерде өрт болған жағдайда қарқынды улы жану өнімдерінің бөлінуі және құрылыстың бұзылуы, адамдарды қауіпсіз жерге көшіруді қиындатады. Сондықтан да өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда.

 

 

Оқу жаттығудың мазмұны: ғимараттың үшінші қабатында орналасқан кинотеатр залында тоқтың қысқаша тұйықталу салдарынан шартты өрт орын алды.

 

 Залда отырған адамдарға өрттің жылу әсерінен және улы жану өнімдерінің бөлінуінен олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді.

 

Ойын-сауық орталығының әкімшілігі күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы 101 телефон номеріне қоңырау шалып және де көрермендер мен қызметкерлерді құтқару шараларын атқарды, сонымен қатар электр энергиясын сөндірді. Бірақ та өртті алғашқы құралдармен сөндіру мүмкін емес болды.

 

Өрт орнына дереу түрде азаматтық қорғау күштері күрделілігі жоғары номері бойынша жіберілді.

 

 

Өрт сөндірушілердің бастапқы кездегі мақсаты адамдарды құтқару болды. Сондықтан да бөлмелерде қалған адамдарды тез тауып алу және өртті сөндіру талап етіледі.

 

Адамдар кинозалдан табылды және газ түтінінен қорғау буынымен құтқарылды. Өрт сөндірушілердің алдында тұрған міндет – өртті сөндіру және оның таралуына жол бермеу. Техникалар өрт гидранттарына орнатылды.

 

 

Өрттің жайыла түсуінежол бермеу және көрермендер залын сөндіру үшін қай жерге оқпан берілгені және де көрші бөлмелерді қорғау үшін өрт сөндіру штабы және өрт сөндіру участкелері құрылды. Сонымен қатар өртті сөндіруге автосаты жұмылдырылды.

 

-Оқу жаттығу барысында бірлескен «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» бөлімшелерінің объекттің әкімшілігімен, арнайы қызметтермен, өртті сөндіру қызметінің басшылары арасындағы байланысты ұйымдастырумен, өртті сөндіру штабымен, жауынгерлік учаскелермен, жедел кезекші ауысымымен, күштер мен құралдарды жедел басқару орталығымен, сауда орталығының өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көздерінің жарамдылығы, сауда орталығы құрылысының жолдары мен кіреберістері зерттелді және пысықталды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему