Ақтауда өгей шешесінің қолынан Бейнеу кентінде қаза болған жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті
Курс валют в Актау
на 21/05/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
21 Мая, 02:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда өгей шешесінің қолынан Бейнеу кентінде қаза болған жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті

18 Апреля 2018 (21:03) | 1596 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін 18 сәуірде Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2 бөлігінің 14 тармағымен сотқа берілген С.-ға қатысты қылмыстық ісбойынша сот талқылауының кезекті отырысы өтті.

 

 

Еске сала кетсек, сотқа дейінгі тергеу органдары сотталушы С.-ны 04.01.2018 жылы Бейнеу ауданында өз үйінде кәмелетке толмаған өгей баласын өлтірді деген айып таққан.

 

Аталмыш қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы Ақтау қаласында 28наурыз 2018 жылы басталған болатын. Одан кейін аталған қылмыстық іс бойынша 6 сәуірде екінші сот отырысы өтті.

 

Сотталушы келіншек Т.С. өзіне қатысты қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қараудан бас тартты. Сот мәжілістерінде сотталушыдан, жәбірленушінің өкілдерінен, сот-медицина сарапшысынан жауап алынды, істегі жазбаша дәлелдемелер зерттелді.

 

Бүгінгі өткен кезекті сот талқылауында сотталушының қорғаушысы соттан қылмыс жасалған суық қарудың (пышақ) және жәбірленушінің алған жарақаты туралы сот-медициналық сараптамасы берген сипаттамасына қатысты қайтадан сараптама жасау туралы және қылмыстық істі тергеген тергеушіден жауап алу туралы өтініш жасады.

 

Сот тараптардың келісімін сұрап білгеннен кейін, заң талаптарына сүйене отырып, қорғаушының өтініші қанағаттандыруға негізсіз деген қаулы шығарды.

 

Мемлекеттік айыптаушы сот отырысында сот-медициналық сараптамасының қорытындысы, оқиға болған жерден алынған айғақтар туралы куәгерлердің жауаптары, сотталушыға оның көршілері, туыстары тарапынан берілген мінездемелері туралы тергеу материалдарымен таныстырды. Сотталушының тергеу барысында өз қылмысын мойындағаны туралы айтты.

 

 

Сонымен қатар, сотталушыға сарапшылар тарапынан берілген психологиялық сараптамадан оның ақыл-есі дұрыс, қылмыстық әрекетті жасаған кезде психологиялық аффект жағдайында болмағаны туралы қорытынды жасалғаны белгілі болды.

 

Сот отырысына қатысушылар тергеу материалдарына қанағаттанбайтындары туралы қарсылық білдірмеді. Судья тараптардың қарсылығы жоғын сұрап білгеннен кейін, келесі сот мәжілісі 23 сәуірде сағат 15-00 - де болатынын жариялады. Сол күні сот отырысында жарыссөздер болатыны туралы хабарланды.

 

Сот отырысы аяқталған соң жәбірленуші тарап пен сотталушы Т.С.-ның туыстарын сөзге тартуға тырыстық. Қаза тапқан жасөспірімнің нағашы әжесі:

-Бала әке-шешесі ажырасқаннан кейін менің тәрбиемде болғанда, мүмкін, мынадай қайғылы жағдайға ұшырамас па еді?

 

Болған жағдай – болды. Енді не айтуға болады? «Жазмыштан – озымыш жоқ» деген,-дегеннен өзгеештеңе айтпады.

 

Ал сотталушы Т.С.-ның әкесінің ағасы Рысбай Сарсенов:

-Нұрсұлтан – қиын тәрбиелі бала болған. Мінезі қиын болған соң, кешкі мектепке берген ғой баланы. Тұрсынай ол баланы 10 жасынан бастап, 7 жыл бойы өз баласындай тәрбиеледі. Оның өзінің де төрт баласы бар: ең үлкені 9 жаста, ал кенжесі 2 жаста. Бес жасқа жетпеген бір баласы – мүгедек.

 

Екі әйелдің арасында бала үшін талас болған ғой, туған шешесі мен өгей шешесі арасында, соның салдарынан болған оқиға болуы керек. Тәрбиесі қиын болған соң туған шешесі де баланы әкесіне қайтарып берген ғой. Алайда 2 жыл шыдағанда мұндай қайғылы оқиға болмас еді, бала кәмелет жасына толған соң, өзі таңдар еді қалай өмір сүрерін әрі қарай. Енді Тұрсынайдың туыстары - бізге де оңай болып отырған жоқ. Оның балалары да ертең өскенде анасының сотталғаны туралы мәліметтің оларға да кері әсері болары сөзсіз,- деп қынжылыс білдірді.

 

Маңғыстау облысының қылмыстықістер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аталған қылмыстық іс бойынша сот отырысы ашық режимде өтуде.

 

Келесі сот мәжілісі 23.04.2018 жылы сағат 15.00-де жалғасады.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему