Тәртіп сақшылары  Наурыз мейрамын ерекше атап өтті
Курс валют в Актау
на 27/11/2021
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Ноября, 14:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тәртіп сақшылары Наурыз мейрамын ерекше атап өтті

26 Марта 2018 (09:48) | 1440 | Автор: Нурганым Имашева

Наурыз күндерінде Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде жеке құрам мен шақырылған қонақтардың қатысуымен Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара өтті.

 

 

Наурыз мерекесіне арналған шараны ашқан Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің бастығы Қ.Таймерденов «Наурыз – бірлік пен татулықтың, Қазақстанда тұратын барлық ұлт пен ұлыстың достығының мерекесі» екенін айта келіп, полиция қызметкерлерінің отбастарына амандық, еңбектеріне табыс тіледі.

 

Шара Департамент ғимаратының алаңында өткізілді. Мерекені тойлау спорттық сайыстардан басталды. Полиция қызметкерлері білекпен күш сынасу, арқан тарту бойынша сайыстар ұйымдастырып, жігіттер өз ептіліктері мен күшін  көрсетті.

 

 

Мерекелік шараның екінші бөлімінде ішкі істер органдарының басқарма, бөлімдерінің арасында мемлекеттік тілімізді, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында өткізілген атаулы шара аясында «Наурыз - бірлік пен татулықтың мейрамы» тақырыбында сайыстар өткізілді.

 

«Ұлттық киім» үлгісін көрсету сайысында Қаржымен қамтамасыз ету және Штаб-басқармасының қызметкерлері қазақтың ежелгі ұлттық киімдер топтамасын көрсетіп, көпшілікті таң қалдырды.

 

 «Салт-дәстүр» сайысында: тұсау кесер, сырға салу, қыз ұзату тағы басқа да қазақтың ғұрыптары көрсетілді. Аталған сайыста салт-дәстүрдің бірі – «Ауылдың алты ауызын» сахналаған Жергілікті полиция қызметінің ұжымы басқалардан озық болды.

 

Үшінші кезеңде қызметкерлердің өз қолымен дайындалған қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Дастархан жайылып, көпшілік Наурыз көжеден дәм татты.

 

 

Байқау нәтижесінде қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.

 

Атап айтқанда, бірінші орынға Ішкі істер департаменті «Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының» «Қызғалдақ» тобы лайық деп танылды.

 

 Екінші орынды - ІІД «Ақпараттық-аналитикалық орталықтан» «Бірлік» тобы иеленді.

 

Ал, үшінші орынды ІІД «Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының» қызметкерлерінен құралған «Дәстүр» тобы жеңіп алды.

 

 Жеңімпаз қатысушыларға сыйлықтар ретінде қызметтеріне  пайдаланатын құрал-жабдықтар мен арнайы дипломдар табыс етілді.

 

Ішкі істер департаментінде өткен биылғы Наурыз мерекесі ерекше әсерлі болды. Мереке соңы барлық қатысушылардың «Қара жорға» биіне ұласты.

 

 

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі

 

Суреттерді түсірген Облыстық ІІД баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему