Отбасылық медиацияның қоғамға тигізер пайдасы көп
Курс валют в Актау
на 25/09/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
25 Сентября, 16:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Отбасылық медиацияның қоғамға тигізер пайдасы көп

28 Октября 2017 (14:30) | 2838 | Автор: Нурганым Имашева

Медиация - дала заңының заманауи жалғасы іспетті. Себебі, алқа билер қатал жаза кескеннен гөрі, келіспеген екі кісінің қателерін түсініп, сабырға келулерін көздеген. Сонда достық қарым-қатынас, отбасы ауыз бірлігі мейлінше шығынсыз шешіліп отырды.

 

 

Бұл билердің әрідан ойлауы еді. Сосын сотқа жеткізбей ымыраға келу әдісі 20-шы ғасырдың жартысынан бастап кеңінен қолданыла бастады.

 

Қоғамдағы дауларды қарау алдымен АҚШ-та, Австралияда, Ұлыбританияда, ал кейінірек Азия елдерінде қанат жайды.

 

Медиация бастапқыда отбасылық жанжалдарды шешуге бағытталған болатын. Сөйтіп бірте-бірте басқа салалардағы қолайсыз жағдайларға ойысты. Алайда, отбасылық мәселелерде медиацияны қолдану заман талабы.

 

Айта кетерлігі, Англия мен Уэлсте «отбасылық медиацияның» құрылғанына 50 жыл. Мұндағы медиаторлар, ажырасу, жанұялық жанжал, балаларды бағып күтуге оның тәрбиесіне немқұрайлық таныту, мүлікті бөлісу, мұрагерлік, туған - туыс арасындағы түсінбеушілік сияқты мәселерлерді қарайды екен.

 

Аталған елде 1997 жылдан бастап «Отбасылық медиация» мемлекет тарапынан қаржыландыра бастады. Кез-келген отбасында дау туындаса, ең бірінші кезекте олар сотқа жүгінбестен бұрын, міндетті түрде кемінде бір медиатордың алдынан өтуге тиіс.

 

 

Ия, бұл өте құптарлық іс. Себебі, соттасып бет жыртысып, жанжалдасқанша, бітімге келген абзал емес пе? Ықылым заманнан ата-бабаларымыз дала заңында осындай мәселелерді қашанда бітімгерлікпен шешіп отырғаны тарихтан мәлім.

 

Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізіп, шекарамызды нақтылап, ата-заңымызды қабылдап, түрлі ұлт өкілдерін бауырына басып, бүгінде төрткүл дүниеге ауызбіршілігі мығым мемлекеттің үлгісі болып отыр десек артық айтқандық болмас.

 

Қазақстанда «Медиация туралы» арнайы заң қабылданған. Заңның 25-бабына сәйкес, некені жалғастыруға, ата-ана құқықтарын жүзеге асыруға, балалардың тұрғылықты жерін белгілеуге, ата-аналарының балаларды бағып-күтуге салымына қатысты ерлі-зайыптылар арасындағы келіспеушіліктер, сондай-ақ отбасылық қатынастардан туындайтын басқа да келіспеушілік медиация арқылы шешілуі мүмкін делінген.

 

Қолға алынған заң өз жемісін беріп келеді. Бастапқыда бұқара үрке қараушы еді, ал қазірде медиаторларға сұраныс бірте-бірте артып келеді. Арнайы кәсіби мамандар, үшінші бейтарап тұлғалардың дауласушы дауларын тыңдап, сотқа жеткізбей барынша реттеуге тырысып бағады. Себебі, шаңырақ көтеріп, отбасы болған соң әлбетте, ыдыс-аяқтың сылдырлайтыны белгілі. Осындайда пәлен жыл шаңырақ көтерген отбасылар мен жас семьялар бірін-бірі түсінбестен әліптің артын бақпай, ақылға салмай ажырасуға ұмтылатыны жасырын емес.

 

Отбасыны шағын мемлекет деп алатын болсақ, еңселі елдің беріктігі үшін әулеттердің де түтіні түзу шығуы тиіс қой. Мұндай жағдайда медиаторлардың да көмегі ұшан теңіз. Мамандар, қарым-қатынастардың нығаюына, ата-ана мен баланың бір-біріне суып кетпеуіне, ақыр аяғы ажырасуға апармас үшін барын салады.

 

Нәтижесінде мемлекетке де, отбасыларға да әлеуметтік және экономикалық шығындарды болдырмауға жағдай жасайды. Мұнымен қоса сотқа барып, уақытты создырудан ұтымды. Жалпы, тәжірибеде отбасы мүшелерінің арасындағы даулар азаматтық істердің басым бөлігін құрайды. Олар негізінен некені бұзуға, бірлесіп жинаған ортақ мүлікті бөлуге, алимент өндіріп алу туралы, баланың тәрбиесіне және онымен араласуға кедергі келтірмеуге байланысты және балалардың тұрғылықты жерін, баламен кездесу уақытын анықтауға қатысты даулармен байланысты азаматтық істер.

 

Десекте, медиаторларға деген сенім әлі де болса, кең етек ала қоймады. Бұл уақыт еншісінде. Көш жүре түзеледі демей ме?! «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтар болсақ. Тәжірибелі, сертификатталған білікті мамандардың ықпалымен отбасылық даулар өз шешімін табады деген үміттеміз.

 

Ақтау қаласының №2 сотының төрайымы Рысқалиева Қанзиба Жакибаевна 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему