Ақтауда өрттен құтқару спортынан облыстық жарыс өтті
Курс валют в Актау
на 22/09/2021
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
22 Сентября, 22:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда өрттен құтқару спортынан облыстық жарыс өтті

25 Июля 2017 (15:04) | 1192 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін Ақтауда өрттен-құтқару спорты бойынша ерлер арасында ХХІV жазғы республикалық чемпионаты мен өрттен құтқару спорты бойынша ІV жазғы чемпионатының өткізілуі қарсаңында, Маңғыстау гарнизонының өртсөндіруші командалары арасында өрттен құтқару спортынан жарыс өткізілді. Үздік атағын иеленуде спйысқа 12 өртсөндіру командасы атсалысты.

 

 

Жарыс Маңғыстау облысында өртсөндіру-қолданбалы спортын беделді ету және дамыту мақсатында, сонымен қатар, азаматтық қорғау жауынгерлерінің кәсіби және спорттық шеберліктерін жетілдіру үшін ұйымдастырылды.

 

Қатысушылар оқу мұнарасының 4 қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, 4х100 м өртсөндіру эстафетасынан, жауынгерлік қанат жаюдан, сондай-ақ 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өтуден жарысты.

 

Шара № 1 мамандандырылған өртсөндіру бөлімінің алаңында салтанатты сапқа тұрғызу рәсімімен бастау алды. Жарысқа қатысушы командаларға Маңғыстау облысы ТЖ департаменті «Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» бастығы азаматтық қорғау майоры Ерлан Мауленов әділ күресті тілей отырып, алғысөзсөйледі.

 

-Жарыстың негізгі мақсаты - құтқарушылардың физикалық дайындық деңгейін жұмылдыру және әрі қарай жетілдіру, өрттен құтқару жарақтарымен жұмыстану тәжірибелерін қолдану мақсатында бөлімшелердің жауынгерлік қабілеттерін тексеру, – деп атап өтті Ерлан Мауленов.

 

Жарыстың ең көркем түрінің бірі - оқу мұнарасының 4 қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу кезеңі болды.

 

«Старт» дабылынан кейін, қолына шабуыл сатысын асқан (шабуылдаушы) өртсөндіруші оқу мұнарасына дейін жүгіріп өтіп, әр қабатының терезе жақтауларына сатыны бекіте отырып көтерілуі керек, содан кейін 4 қабатаралық пластиналарын баса отырып, мәреге жетуі қажет.

 

Бұл кезеңде қатысушылар үшін әдетте жүзден бір бөлік секунд шешуші рөл атқарды.

 

Өртсөндірушілер жақсы нәтижелерін өрттен құтқару спортының ең күрделі түрінің бірі – 4х100 метрлік өртсөндіру эстафетасында көрсете білді.

 

Сонымен бірге жауынгерлік қанат жаю мен 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту кезеңдерінің көркемдігі өзге сыннан кем түспеді.

 

Жарыс екі күні шінде өткізілді, қобалжу сәті де ақырғы минуттарға дейін сезілді. Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық сынақта бірінші орынға № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өртсөндірушілері көтерілді, екінші орын иесі - № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өкілдері атанса, ал жүлделі үшінші орын - № 8 өрт бөлімінің өкілдеріне бұйырды.

 

Жарыста жүлделі орын иеленген қатысушылар диплом, кубоктар және сыйлықтармен марапатталды. Бұл жағымды жаңалықты Маңғыстау облысы ТЖ департаменті өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему