Жаңаөзендік оқушылар ЭКСПО көрмесінен алған әсерлерімен бөлісті
Курс валют в Актау
на 19/05/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
19 Мая, 00:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзендік оқушылар ЭКСПО көрмесінен алған әсерлерімен бөлісті

20 Июня 2017 (11:12) | 1365 | Автор: Мира Ботабекова

Жаңаөзеннен аттанған 94 бала ЭКСПО-ны аралап жүр. Олардың жатын орындары мен тамақтануы қамтамасыз етілген. Бүгіндері олар көрменің қызықтарын айтып әлеуметтік желілерде жапа-тармағай бөлісіп жатыр. Жазғы каникулды әрі пайдалы, әрі қызықты өткізген оқушылардың қуанышында шек жоқ. Бұл туралы "Қазақстан-Ақтау" телеарнасы хабарлайды.

 

 

Маусымның тоғызы күні жолға шыққан делегация араға екі күн салып елордаға жетті. Еліміздің бас қаласының көрікті жерлерімен танысып, бүгіндері ЭКСПО көрмесін тамашалауда. Зәулім ғимараттарды аралап, демалыстарын көңілді өткізіп жүрген балалар көргенімен бөлісіп, Астанадан сәлем жолдады.

 

 

Алмас Тасқараев, Жаңаөзен қаласының тұрғыны: 

 

-ЭКСПО көрмесін ұйымдастырған елбасымызға рахмет. Бізді осы ЭКСПОға жіберген  Маңғыстау облысының әкімі, қала әкімі мен білім басқармасының басшыларына алғысымыз шексіз. Көңіл-күйіміз тамаша, бәрі жақсы, керемет.

 

Елордаға бірінші лекте Жаңаөзеннен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған тоқсан төрт бала жіберілді. Екінші топ маусымның он үші күні жолға шығады. Жалпы, Астана ЭКСПО халықаралық көрмесін жаңаөзендіктер үш кезең бойынша тамашалауды жоспарлап отыр.    

 

 

Аида Жалғасбаев, Жаңаөзен қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы:

 

-Жаңаөзен тұрғындары үш кезең бойынш  09.06.-09.07.  09.07.-09.08.  09.08.-09.09. аралығында тамашалайды.  Балалардан бөлек, кәсіпорындар, мекеме, ұйымдар мен тұрғындар бар.

 

Бүгінде Жаңаөзенде ЭКСПО көрмесіне билет сату нүктелерінің жұмысы қызу. Одан бөлек, қазпошта бөлімшелері және туристік фирмалар жолаушыларға нұсқаулық беріп, халықаралық көрмеге саяхат барысындағы бағдарламаларды жан - жақты түсіндіруде.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему