Мұнайлы ауданында жаңа аурухана салынады
Курс валют в Актау
на 19/05/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
19 Мая, 00:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайлы ауданында жаңа аурухана салынады

18 Июня 2017 (12:39) | 1889 | Автор: Мира Ботабекова

Мұнайлы ауданында жаңа аурухана салынады. 150 орындық нысанның құрылысы осы жылы басталмақ. Халқы 150 мыңға жеткен мекен үшін бұл жағымды жаңалық. Енді медициналық көмек жоғары деңгейде көрсетіледі. Медицина қызметкерлерінің күніне орай өткен жиында ауданның бас дәрігері осылай деді. Саладағы жетістіктер мен жоспарға тоқталды. Сондай-ақ, мерекелік шарада ақ халатты абзал жандар адал еңбегі үшін марапатталды. Бұл туралы облыстық телеарна хабарлайды.

 

 

Зияда Бәйімбетова 36 жылын балаларға арнады. Басқұдық ауылының аға педиатры ауданның үздік дәрігері, жыл дәрігері атақтарын алған. Алайда, сауығып кеткен баланы көру - барлық марапаттан артық, -дейді ол.

 

Зияда Бәйімбетова, Басқұдық бастапқы медициналық қызмет көрсету орталығының педиаторы:

 

-Медицина қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Баршасына шипалы қолдары талмасын деймін. Баршасына бақыт тілеймін.

 

Мұнайлының медицина саласында жетістік мол. Бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана, 3 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін орталық, 7 дәрігерлік амбулатория, 65 орындық аурухана халық қызметіне жарап тұр. Мұнда 130-дан астам дәрігер жұмыс жасайды. Биыл өлім-жітім көрсеткіші төмендеген. Аудан әкімі мұны дәрігерлердің біліктілігінің арқасы деп санайды.

 

Нұрлан ТәжібаевМұнайлы ауданының әкімі:

 

-Әр науқастың жанына желеу болып, Гиппократ антын өмірлік ұстанымы ретінде қабылдап, адам өмірінің шырақшысы бола білген ақ халатты абзал жандар еңбегі халықтың көңілінен шыға білді.

 

Алайда, кемшілік те жоқ емес. Ауданда 37 дәрігер жетіспейді. Тапшылықты жою үшін жас мамандарға жағдай жасалуда. Осы мақсатта, биыл жатақхана қолданысқа берілмек.

 

Айдар Шыршықбаев, Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының директоры:

 

-Жатақхана 100 орындық қызметтік пәтер есебінде беріледі. Медициналық мамандар мен педагог мамандарға жоспарланып отыр. Оның 50-і медицина қызметкерлеріне беріледі деп көзделіп отыр. Тар көлемдегі эндокринолог, невропатолог, балалар кардиологы жетіспейді. Мамандарды алып келу үшін Ақтөбе медицина академиясына бардық.

 

Аудан емханасында өкпе ауруларына қарсы бөлімше, халыққа скринингтік көмек көрсететін жылжымалы кешен жұмыс жасап тұр. Нәтижесінде туберкулез, онкология аурулары азайған.  Халқы жыл санап өскен ауданға жаңа аурухана салынбақ. Әлеуметтік маңызды нысанның құрылысы осы жылы басталады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему