Әкім Ералы Тоғжанов Әділбек Ниязымбетовке пәтер кілтін табыс етті
Курс валют в Актау
на 19/05/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
19 Мая, 04:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әкім Ералы Тоғжанов Әділбек Ниязымбетовке пәтер кілтін табыс етті

15 Июня 2017 (10:51) | 1309 | Автор: Мира Ботабекова

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязмбетовке Ақтаудағы қымбат тұрғын үй кешендерінің бірінен пәтер кілтін табыс етті.

 

 

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада-2016 ойындарында күміс жүлдеге ие болған спортшыға екі бөлмелі пәтер берілуі тиіс. Олимпиада ойындарының жүлдегеріне пәтер алуға бюджеттен 32 миллион теңге бөлінді.

 

 

Облыстық әкімдіктегілердің айтуынша, екі бөлмелі пәтер қала орталығындағы ең әсем тұрғын үй кешенінде орналасқан.

 

 

Бұл Әділбектің спорттағы жетістігі үшін алып отырған екінші пәтері. Бірінші рет екі бөлмелі пәтерді ол 2011 жылы Бакуде өткен әлем чемпионаты кезінде күміс жүлдеге ие болып, екі бөлмелі пәтердің иесі атанған. Сол кезде Әділбек Ниязымбетов Олимпиада-2012 (Лондон)  ойындарына қатысуға лицензияны жеңіп алған болатын.  Пәтерден бөлек, өңір басшысы Қырымбек Көшербаев спортшыға Chevrolet Cruze маркалы автомобиль мінгізген болатын. Өткен жылы Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Алик Айдарбаев Әділбек Ниязымбетовке және оның бапкері Марат Жәкеевке Toyota жол талғамайтын көліктерін сыйлаған болатын.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему