Ақтау қаласында 10-шы қалалық «Жас құтқарушылар» слеті өткізілді
Курс валют в Актау
на 21/05/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
21 Мая, 00:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласында 10-шы қалалық «Жас құтқарушылар» слеті өткізілді

18 Мая 2017 (17:33) | 1448 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Жуырда оқып жүрген жастар арасында салауатты өмір салтын, әртүрлі оқыс оқиғаларда әрекет етуді үйрету мақсатында, Маңғыстау облысы Ақтау қаласының «Оқушы» орталығы және Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті арасындағы келісілген ережеге сәйкес, №2 орта мектепте Ақтау қаласындағы аула клубтарының арасында 10-шы «Жас құтқарушылар» слеті өткізілді. Шараны дайындағандар және өткізгендер «Оқушы» орталығы.

Слетке 7 аула клубы қатысты, онда балалар 7 командаға бөлінді.

«Ақ желкен», «Ұлан», «Оқушы орталығы», «Достық», «Тұлпар» отрядтары бас төрешісі, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Манарбек Хамилуллаұлы Мұханбетовке слетке дайындықтары туралы рапорттарын берді. Барлық жас құтқарушылар бөлініп, өздерінің бекеттеріне кетті.

«Спортландия» бекетінде жас құтқарушылар өздерінің бейімділігін, икемділігін көрсетіп, турникке тартылды, көздеп допты лақтырды. Бұл жерде жүлделі орындарды «Ұлан», «Толқын», «Шағала» топтары алды.

«Тауып көр» бекеті жеңіске жетудің ең қиын баспалдағы болды, онда тек қана өрт қауіпсіздігі бойынша ғана емес, сонымен қатар өрттен қорғау қызметінің құрылу тарихы туралы сұрақтар қойылды. Слет қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Әр бала өзіне ыңғайлы тілді таңдады. Жүлделі орындарды «Толқын», «Ақжелкен», «Достық» командалары иеленді.

«Досыңа көмектес» бекетінде орындарды «Тұлпар», «Достар», «Оқушы орталығы» командалары иеленді, ал «Жас суретші» бекетінде «Ақжелкен», «Ұлан», «Шағала» командалары иеленді.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, «Өрт сөндіруші» АҚ, «АМО» ММ қазылар алқасы қатысушыларға әділ бағаларын берді.

Жалпы командалық жүлделі үш орынды алғандар: бірінші орын - «Толқын», екінші орын - «Шағала», үшінші орын - «Достық» командалары. Барлық жеңімпаздарды және әр түрлі бекеттерде 1,2,3 орын алғандарды Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Манарбек Хамилуллаұлы Мұханбетов дипломдар және сыйлықтармен марапаттады.

Слетті ұйымдастырған «Жас құтқарушы» үйірмесінің жетекшісі В. П. Зайцева.

Бұл ақпаратты біздің басылымға өрттен қорғау қызметінің баспасөз қызметі жолдады.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему