«Ақтау» сауда ойын-сауық орталығында түнгі өрт-тактикалық жаттығуы өтті
Курс валют в Актау
на 29/06/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
29 Июня, 06:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Ақтау» сауда ойын-сауық орталығында түнгі өрт-тактикалық жаттығуы өтті

9 Апреля 2017 (09:36) | 1547 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда облыс орталығында түнгі уақытта «Ақтау» сауда ойын-сауық орталығы аумағында өрт-тактикалық жаттығуы өтті.

         Адамдар көп жиылатын нысандарда өрттерді сөндірудің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар тығыз түтінденумен сипатталады. Жалынның таралу жылдамдығы көбінесе материалды құндылықтар түріне, сонымен қатар жану бумаларының болуына байланысты.

 Өрттің бастапқы сатысында жану айтарлықтай едәуір алаңға таралады, аймақта орташа температура 200-300°С-қа дейін жоғарылайды, түтінде көміртек оксидтері мен диоксидтердің бөлінуі ұлғаяды, интенсивті түтін бөлінуі орын алады, көру қалпы төмендейді, барлық әкімшілік аумағына және сауда залдарына таралады. Аймақ аумағына, оның герметизациялық дәрежесіне және өрт жүктемесінің өрістеуіне байланысты бастапқы саты 5-40 минут жалғасады. Алайда, адамдар үшін қауіпті жағдай 1-6 минуттан кейін-ақ туындайды.

         Жаттығуға 14 бірлік өрт техникалары мен жеке құрамнан 80 адам жұмылдырылды.

         Өрт сөндіру жетекшісі, Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Назарали Селимовтың айтуынша, «бүгін өрт сөндіру бөлімшелері жеке құрамының құтқарған шартты зардап шегушілері қатысқан оқу-жаттығуының кіріспе бөлімі болды.

Жаттығу өрт сөндірушілер аталған нысанды егжей-тегжейлі ұғыну үшін және түнгі уақыт жағдайларында өрт туындаған кезде әкімшіліктің әрекеттерін жаттықтыруға, Өрт сөндіру қызметі барлық қалалық қызметтермен өзара әрекеттесе жұмыстану, сондай-ақ нысан аумағыңан адамдарды қауіпсіз жерге көшіру және өрт сөндірушілер келгенге дейінгі өртті сөндіру әрекеттерін орындауға үйрету үшін жүргізілді.

         Жаттығу жобасы бойынша, үшінші қабаттағы электрсымдарының қысқаша тұйықталуы әсерінен ойын залында ойын автоматтарының тұтануы орын алды, өрт дабылдарының түтінді хабарлағыштары іске қосылды.

Дабыл іске қосылғаннан кейін, «Ақтау» СОО жұмысшылары «101» телефоны арқылы өртке қарсы қызметіне, өрт туралы хабарлап, адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге және өртті сөндіруге кірісті.

         Шартты өрт орнына Маңғыстау гарнизонының өрт сөндіру құтқарушыларының жауынгерлік есебі дабылдың 3 нөміріне сәйкес жөнелтілді.

Келу сәтіне таман өрттің іргелес аумаққа өту қаупі болды. «Ақтау» СОО қызметкерлері өздігінен өрт сөндіргіштер және өрт шүмектерінен өрт сөндіру оқпандарының көмегімен өртті сөндіруге тырысты, алайда күшті түтіндену әсерінен оны орындауға мүмкін болмады.

 Өрт сөндіру жетекшісі нысанның электр қуатының ажыратылғанына көз жеткізгеннен кейін, жауынгерлік әрекетке бет бұрды.

         Шақырту орнына жауынгерлік өрістету жүргізген және алдына қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кіріскен 1-МӨСБ, 2-МӨСБ бөлімшелері және № 8 өрт сөндіру бөлімі келді. ТЖ орнында өрт сөндіру жетекшісі штаб және екі жауынгерлік аумақ ұйымдастырды.

         № 8 өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлері ғимаратта қалуы мүмкін адамдарды құтқару мақсатында ғимаратқа барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, төрт адам анықталды, тасаға шығарылып, «Медицина және апат орталығы» жедел көмегі бригадасына тапсырылды. Сондай-ақ бір адам ғимарат шатырынан өрт сөндіру автосатысы көмегімен құтқарылды.  

         Бұл туралы жаңалықпен Маңғыстау облысы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобы бөлісті.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему