Саңырауқұлақ өсіріп, табыс тауып отыр
Курс валют в Актау
на 27/05/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
27 Мая, 07:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Саңырауқұлақ өсіріп, табыс тауып отыр

15 Февраля 2017 (15:41) | 1970 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақпанда саңырауқұлақ іздесеңіз, дәмді дақылды ақтаулық кәсіпкерден табасыз. Сүйікті ісін бизнеске айналдырған кәсіпкер мал шаруашылығына да ден қойған. Әсіресе, ешкі сүті мен күркетауық жұмыртқасына сұраныс жоғары. Бұл туралы «Хабар24» арнасы хабарлайды.

 

Руслан Жинкиннің негізгі мамандығы – құрылысшы. Осыған дейін ғимарат салу немесе жөндеуге жиі тапсырыс қабылдайтын. Қызметінен қолы босаса, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ теруді ұнатады. Былтыр өзі сүйген кәсібін табыс көзіне айналдыруға бел буады. Бизнес-жоспар жасақтап, мемлекеттен жеңілдетілген пайызбен несие алады.

 

Руслан Жинкин, кәсіпкер:

- Біз тұрған кешенде ауа температурасын өлшейтін құралдар бар. Қазір 16,5 градусты көрсетіп тұр, негізі 15 болуы керек. Шамасы адам санының көптігі әсер етсе керек. Ауа ылғалдылығы 80%-дан аспауы шарт. Қажетті қондырғылар алуға 6 млн теңге несие алдым.

 

Фермер қолға алған шаруашылығы тәулігіне 30-40 келі дақыл береді. Саңырауқұлақтар арнайы қалыптарда өседі. Бір аптада пісіп-жетілетін дақылдан түрлі ас мәзірін әзірлеуге болады. Көбіне-көп қала тұрғындары тұтынатын саңырауқұлақтың отырғызу тәсілімен де таныстық. Саңырауқұлақтар үй жағдайында мынадай қалыптарда өседі. Домалақ пішіндегі қалыптың жасалу жолы да қарапайым. Кәдімгі күнбағыс дәндері және мақтасы алынып, ұнтақталған өсімдік сабақтарына кәсіпкер құпиясын ашпаған арнайы қоспа қосылады. Мұнан соң целлофан пакетке оралып, ылғалдығы 15% кешенде екі апта сақталады. Мерзімді уақыт өткен соң пакет шешіледі. Жарықтың әсерінен саңырауқұлақтар өсе бастайды. Кәсіпкер жұмысқа алған азаматтар төрт түлік пен құс күтіміне жауапты.

 

Евгений Трофимов, жұмысшы:

- Қолдан келетін жұмыс ұсынған кәсіпкерге рахмет. Қызметіміз тұратын үйімізге жақын. Айлық жалақымыз уақытында беріледі.

 

 Көктемде нан өнімдерін пісіріп, сату жоспарда бар. Кәсіпкер келешек теңізге жақын жерден аграрлы-туристік орталық салуды армандайды. Бұл бағытта қала әкімдігімен келіссөздер жүргізуде. Оның айтуынша, орталыққа келетін туристер ешкі сауып, саңырауқұлақ өсірумен шұғылдана алады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему