Сотқа бармай-ақ талап арыз не өтініш түсіруге болады
Курс валют в Актау
на 27/11/2021
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Ноября, 13:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сотқа бармай-ақ талап арыз не өтініш түсіруге болады

2 Февраля 2017 (21:31) | 3908 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ел басының бес институционалдық реформаларын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» атты бөлімінің 20-қадамда «барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс» деп көрсетілген.

 

Маңғыстау облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттарында 40 сот мәжіліс залдары бар, олардың барлығы да дыбыс-бейне жазба құрылғыларымен толықтай қамтамасыз етілген.

 

Сот судьялардың тәуелсіз жұмыс істеуіне құқықтық тұрғыдан кепілдік беріп, сот ісіне заманауи технологияның қолданылуы істердің жедел, артық шығынсыз қаралып, судьялар мен мамандардың, қарапайым халықтың уақытын үнемдеуге ықпалы тигізері сөзсіз.

 

Сот процестерін дыбыс-бейне жазба құрылғысы арқылы өткізілуі бүгінгі күні сот алдына қойылған талапты қанағаттандырумен қатар, сот әділдігін жүзеге асырудағы судьялардың әрекеттеріне тараптар жағынан шағымдануды азайтады.

 

Қазақстан Республикасының соттары 2016 жылдан бастап жаңа «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдамалық жүйесіне көшті.

 

Аталған бағдарлама кіріс, шығыс хат-хабарларды және ішкі құжаттарды электронды іс жүргізуді тіркеумен қатар азаматтық, қылмыстық істерді және өзге де материалдарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді есепке алады, арыздарды, істерді, материалдарды автоматты түрде бөледі.

 

Соттарда талап арыздар, азаматтық, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер, сондай-ақ материалдар және шағымдар соттар төрағаларының қатысуынсыз «Төрелік» жүйесінің көмегімен автоматты түрде бөлінеді. Бұл судьялардың арасында талап арыздардың, істердің, материалдардың тең бөлінуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ бөлу рәсіміне басқа тараптан сыбайлас жемқорлық араласудың болмауына мүмкіндік береді. Жүйе істерді бөлгенде, судьялардың жүктемелері, судья қарайтын істің тілі, судьяның мамандануы, жұмыста болуы, істің күрделілігі сияқты бірқатар өлшемдерін есепке алады.

 

Іс жүргізудің автоматтандырылған жүйесіне көшу құжаттамамен жұмысты елеулі жеңілдетіп, халыққа оларды қызықтыратын мәселелер бойынша ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді.

 

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сот жүйесіне қолжетілімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында 2014 жылдың 5 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Интернет – ресурсында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі іске қосылған болатын.

 

2014 жылдың 12 айында аудандық және оған теңестірілген соттарға 21 829 түскен талап арыздың Сот кабинеті арқылы түскен талап арызы 2804, яғни 12,8% болса, 2015 жылдың 12 айында аталған көрсеткіш 43,3 пайызды құрады. Қазіргі таңда «Сот кабинеті» ақпараттық электрондық жүйесінің тиімділігі және қолданылуы бойынша халыққа насихаттау жұмысын жүргізу нәтижесінде бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың 12 айында 82,6 пайызға жетті.

 

Сот кабинеті – Қазақстан Республикасы сот органдарының сервистері мен қызметтеріне электрондық түрде рұқсат алудың бірыңғай терезесі.

 

Электронды цифрлық қолтаңбасы бар республиканың кез келген азаматы «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисіне тіркелу арқылы сотқа талап арыз және өтінішті бере алады.

 

Сот жүйесіне енгізілген қолданыстағы жаңа заманауи технологиялар сот өндірісін жеңілдету болса, бір жағынан азаматтарға сотқа бармай-ақ кез келген уақытта «Сот кабинеті» арқылы талап арыз немесе өтініш түсірулеріне мүмкіндік береді.

 

Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы Деменова Бибігүл Көңбайқызы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему