Ақтауда халық батыры Ер Қосай Құдайкеұлы атындағы дзюдодан жасөспірімдер арасындағы XVIII Халықаралық турнир жалауын желбіретті
Курс валют в Актау
на 03/10/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
3 Октября, 12:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда халық батыры Ер Қосай Құдайкеұлы атындағы дзюдодан жасөспірімдер арасындағы XVIII Халықаралық турнир жалауын желбіретті

16 Мая 2016 (09:52) | 3537 | Автор: Нурганым Имашева

 

14 мамырда облыс орталығындағы «Каспий» спорт кешенінде халық батыры Ер Қосай Құдайкеұлы атындағы дзюдодан жасөспірімдер арасындағы XVIII Халықаралық турнир бастау алды.

        

Аймақта дәстүрлі түрде сегізінші рет ұйымдастырылып отырған дүбірлі додаға еліміздің түрлі өңірлерінен келген командалармен қатар Түркия, Әзірбайжан, Грузия елдерінің спортшылары да қатысуда.

        

Турнирдің салтанатты ашылу сәтінде аймақта дзюдоның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бір топ спорт жанашырларына «Алғыс хат» табысталды. Олардың қатарында облыстық спорт басқармасының мамандары, дэюдо мектебінің бапкерлері, бизнесмендер және БАҚ өкілдері

бар.

 

 

XVIII Халықаралық турнирдің бас төрешісі Есекенов Талғат Аманжолұлы:

- Бұл турнирге жан-жақтан келген 25 команда қатысуда. Жарыс 3 түрлі жас мөлшерінде - 1997-1998 және 2001-2003 пен 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында 17 салмақ категориясы бойынша өтеді. Турнирге қатысушылардың жалпы саны - 550 спортшы.

Қазір командалық есептегі сайыстар өтуде. Маңғыстау облысынан жарысқа 2 команда қойылды: бірі – облыстық құрама, ал екіншісі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің командасы.

Бірінші ойындар бойынша екі тобымыз да жеңіспен келе жатыр.

Маңғыстау «Жастар» спорт мектебінің командасы алғашқы белдесулерін Әзірбайжан елінің құрама командасымен бастады. Әзірбайжан мемлекеті жарысқа 2 команда қойған біздің облыс құрамасы солардың біріншісімен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіп шықты.

Маңғыстау облысының құрама командасы бірінші ойындарын Грузия мемлекетінің балуандарымен бастап, олар да жеңіске жетті.

Бүгінгі алғашқы белдесулерге біздің аймақтың қос командасынан 7 спортшыдан-барлығы 14 балуан қатысса, ертеңгі күнгі мамырдың 15 – інде жасөспірімдер арасындағы жарыста облыс аудандарынан келген спортшыларымыз да өлке намысын қорғайтын болады.

Жалпы екі күнге созылатын турнир жарысына аймақтан 200-ге жуық спортшы қатысады.

Жастар арасында Маңғыстау облысының ғана емес, бүкіл Қазақ елінің мақтанышына айналған спортшыларымыз: Азия чемпиондары Сұңғат Жұбатқан, Бауыржан Сағынғалиұлы, ҚР жеңімпазы Бауыржан Нарбаев, Әлем Чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы Мамаев Рамазан - осы спортшыларымыз алтыннан алқа тағады деген үміттеміз,-деді.

 

 

Жарысқа қатысушы жерлесіміз «Жастар» спорт мектебі командасының 19 жасар дзюдошысы Темірғалиұлы Нұрболат:

Бұл спортпен айналысқаныма 10 жылдан асты. Жетістігім –ҚР Чемпионымын. Әлем Чемпионатына қатыстым. Турнирде 55 кг салмақта күресіп жатырмын. Бірінші қарсыласым –әзірбайжандық спортшы болған. Оны ұттым. Екіншісі – Жаңаөзен құрамасының спортшысы, оны да ұттым, сосын Орал қаласының командасын ұтып, финалға шықтық. Енді финалда да осындай ойын көрсетіп, чемпион боламыз деген үміттемін,- дейді.

                   

Аталмыш турнир 14-15 мамыр күндері өтеді, яғни ертеңгі күні (15.05.2016 ж) сағат 9-00 де 2001-2003 пен 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында барлық салмақ дәрежелері бойынша жарыстар басталады, ал сағат 17-00 де ақтық бәсекелер өтеді.

                  

Аймақ намысын қорғаушы спортшыларымызға жеңіс тілей отырып, спорт сүйер қауымды 1-шағынаудандағы «Каспий» спорт кешенінде дзюдо күресінен өтіп жатқан Халықаралық турнирді тамашалап, жерлестерімізге жанкүйер болуға шақырамыз.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему