Жергілікті атқарушы органдарда жол саласы бойынша жоғары білімі бар маман тапшы – Елтай Таялиев
Курс валют в Актау
на 01/03/2021
 
416.04
419.52
 
502.57
507.48
 
5.54
5.69
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
1 Марта, 21:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жергілікті атқарушы органдарда жол саласы бойынша жоғары білімі бар маман тапшы – Елтай Таялиев

15 Февраля 2021 (14:24) | 1489 | Автор: Редакция

«Жол активтерінің ұлтттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау облысы филиалы директоры келтірген мәліметтерге сүйенсек, жергілікті әкімдіктердегі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және бөлімдерін қоса алғанда 63 қызметкер жұмыс жасайды. Алайда, олардың арасында тек 16 адам жол саласы бойынша жоғары білім алған.

 

 

«Мәселен, «Қарақия аудандық тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінде 9 қызметкер қызмет атқарады. Арасында жол саласы бойынша диплом алған адам жоқ. Ал «Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де 9 адам жұмыс жасайды. Тек 1 адамның ғана «Көлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру» мамандығы бойынша дипломы бар. Сондай-ақ Маңғыстау аудандық тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары»» бөлімінде 13 адам жұмыс жасайды. Соның 1-уінде ғана «көлік, көліктік техника және технологиялары» бойынша диплом барын біліп отырмыз» - дейді филиал директоры Елтай Таялиев.

 

 

Спикердің айтуынша, Мұнайлы аудандық тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары»» мемлекеттік мекемесінде 11 адам жұмыс жасайды. Оның 2-уі «Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу және пайдалану» және «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» бойынша жоғары білім алған.

 

 

Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары ММ бөлімінде 3 адам қызмет атқарады. Оның 2-уі «Автокөліктермен тасымалдауларды ұйымдастыру және пайдалану» және «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандықтары бойынша университет бітірген. «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне» келсек, мұнда 4 адам бар. 2-уінде жол саласы бойынша жоғары білім алған.

 

 

Елтай Құспанұлының айтуынша, Түпқараған аудандық тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары»» бөлімінде 9 қызметкер жасайды. Соның 3-уі жол мамандықтары бойынша университет аяқтаған. .

 

 

 «ЖАҰСО» РМК баспасөз қызметі.

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему