Ақтаулық үшем  Отан алдындағы  әскери борышын Оралдағы Ұлттық ұланның  әскери бөлімінде  өтеуде
Курс валют в Актау
на 23/10/2020
 
427.02
430.91
 
505.45
510.59
 
5.44
5.66
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
23 Октября, 15:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық үшем Отан алдындағы әскери борышын Оралдағы Ұлттық ұланның әскери бөлімінде өтеуде

17 Октября 2020 (12:43) | 804 | Автор: Редакция

Орал шаһарында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның "Батыс" өңірліқ қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде Ақтаудан келген ағайынды үшемдер мерзімді әскери қызмет атқарып  жатқан ерекше жағдай.

 

 

18 жасар ағайынды үшем Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс Зеккеновтер осы жылдың көктемінде құқықтық тәртіп әскерлерінің қатарына шақырылды.  Осынау 5517 әскери бөлімінде бірден үш үшемнің әскерге шақырылғандығы мүлде болмаған.

 

Туғаннан бастап ағайынды Зеккеновтар әрқашан бірге. "Болашақ" академиясының колледжін "Су көлігін пайдалану" мамандығы бойынша бітіргеннен кейін, балаларды мерзімді қызметке шақырған кезде, оларды ажыратпауды сұрады. Оған жергілікті қорғаныс істер Департаменті қол ұшын созды. Бір  әскери бөлімге жіберді.

 

Үшемнің ұлдары өз әрекеттерін қарапайым түрде түсіндіреді: "Әскердегі қызмет біздің балалық арманымыз болды. Себебі, Отанды қорғау-әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті".

 

 

Үшемдер психологиялық тест тапсырған кезде-түрлері сәйкес келді.Ағайындылардың өздері бұған бұрыннан үйреніп келген. Мектепте барлығы бірдей баға алды, тіпті қыздарға да ұнады.

 

Алайда бір айырмашылық бар:Ақарыс басқа екі бауырынан төрт сантиметрге жоғары – 178 болса, Бекарыс пен Жанарыстың бойлары 174 сантиметр.Алайда бұл  ағайындардың дене шынықтыруда бірдей нәтиже көрсетуіне кедергі келтірмейді.Олар әскерге қызмет етуге дайындалу барысында, олар бұл үшін арнайы спортпен шұғылданып, 100 м және 3 шақырымға жүгіруде және бел темір тартылуда бірдей көрсеткіштерді көрсетті.

 

Айта кетейік, ұлдар-спортшылар. Ақарыс пен Бекарыс тоғыз жасынан бастап "каратэ-до" спорт секциясында қатысқан.Сол уақыт ішінде ағайындылар "каратэ-до" бойынша облыстық және қалалық спорттық турнирлерге қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Ал Жанарыс самбо күресінен спорт шеберінің кандидаты атанды.

 

- Құқық тәртібі әскерлерінде қызмет еткенімді мақтан тұтамын. Себебі, Ұлттық ұлан әскерлерінің қатарында қызмет ету, өмірде өзінің лайықты орнын табуға көмектесетін барлық заманауи жағдайларға ие болу ел Президентінің жастарға деген жоғары назары мен қамқорлығының нәтижесі болып табылады, - дейді Бекарыс Зеккенов.

 

 

-Ұлттық ұлан әскерлеріне мерзімді қызметке қазір шынымен де үздік жастар келеді,-дейді 5517 әскери бөлімі батальоны командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Дамир Жәкенов.- Жауапты, сауатты, рухы мен денесі мықты, моральдық тұрғыдан дайындалған. Өйткені, қысқа мерзім ішінде біз олардан нағыз Отан қорғаушылар етіп дайындап шығарумыз керек.Менің тәжірибемде ағайынды үшемдердің мерзімді әскери қызмет өткеруі бірінші жағдай. Бұған дейін тек егіздерді көруге тура келді. Қазір ағайынды үшемдер Орал қаласында қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау қызметін  мінсіз, абыроймен атқарып келеді.

 Отан алдындағы әскери борышын аяқтағаннан кейін ағайынды Зеккеновтар туған қаласы Ақтауға оралады. Содан кейін олар жоғары білім – заңгерлік білім алуды, содан кейін ішкі істер органдарына жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр.

Ерболат Сұлтанов, Орал.

Фотоға түсірген Талант Құсайын

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему