Маңғыстаулық тіс дәрігерлері балаларға арналған  тағылымдық стоматологиялық бағдарламаны ұсынуда
Курс валют в Актау
на 15/08/2020
 
416.97
421.31
 
489.33
494.76
 
5.59
5.83
Номер редакции: +7 707 040 14 80
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 707 040 14 81
[email protected]
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
15 Августа, 13:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық тіс дәрігерлері балаларға арналған тағылымдық стоматологиялық бағдарламаны ұсынуда

28 Января 2020 (12:51) | 897 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық стоматологиялық емханасының қызметкерлері «Көз жауын алатын өмір бойына арналған күлкі» атты ауқымды акциясын өткізді.

 

 

Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Соңғы бір айда 1-сынып оқушыларына жалпы саны 1751 тіс пастасы мен тіс қылшағы салынған пакеттер, ал кейбір оқушыларға мақтау қағаздары берілді. Шара аясында Ақтау қаласындағы № 3, 5, 20, 21, 28 орта мектептер және Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылындағы орта мектептің бірі қамтылған болатын.   

 

Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығының директоры Қуат Машырықовтың айтуынша, «Көз жауын алатын өмір бойы күлкі» - бұл 1-3 сынып оқушыларына арналған тағылымдық стоматологиялық бағдарлама. Осы аралықта сүт тістері тұрақты тістерге ауыса бастайды, сол себепті өңіріміздің кішкентай тұрғындары үшін осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап отыр.  

 

-Алдын ала тексеру нәтижелеріне сәйкес 6-жастағы балалардың 80% астамында тіс жегі ауруы анықталады. Сондықтан осы жастағы балаларға ауыз қуысының тазалығын сақтау аса маңызды, құрамында фторы бар тіс пасталарын, тіс жіптерін қолданғаны дұрыс, сондай-ақ стоматолог дәрігерге жүйелі түрде қаралса артық етпейді.

 

Ал ата-аналар тарапы ауыз қуысының саулығына қамқорлықты өз жауапкершілігіне алуға балаларды үйреткені абзал. Бағдарламаның мақсаты - балалар арасында кездесетін стоматологиялық аурулардың төмендеуіне үлес қосу, ауыз қуысын дұрыс тазалауға балаларды үйрету, - дейді ол.

 

Алдағы уақытта білім беру ордаларында бастапқы сыныптарда тіс ауруының алдын алу бойынша сабақтар өткізу жоспарда бар. Ал ата-аналар тарапы болса өз балаларының ерте кезден бастап ауыз қуысын үнемі тазалау маңыздылығы туралы үйде күнделікті айтып отырса артық етпейді.

 

Өз кезегінде денсаулық сақшылары тіс ауруын болдырмау жолдарын кеңінен түсіндіруге әрдайым дайын екендіктерін жеткізді.

 

Суреттерді түсірген Нұрбол Қонжар

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему